- Жанр:
- Ұзақтығы:
- Антракт:
- Жас санаты:
- Қоюшы режиссері: Талғат Теменов – Қазақстанның Халық артисі, профессор
- Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов
- Киім үлгісінің суретшісі: Шынар Елембаева
- Хореограф: Салтанат Жолымбаева
- Сахна сайысын қойған: Михаил Вишневский \Ресей\
- Музыкамен көркемдегендер: Талғат Теменов
- Дыбыс режиссері: Ләззат Қыстықбаева
- Режиссердің көмекшісі: Әлия Дәуітова
- Театрдың көркемдік жетекшісі: Талғат Теменов – Қазақстанның Халық артисі, профессор
Бір адамның тағдыры арқылы күллі адамзаттың жан дүниесін таныту, жүрек пен сезім арасындағы қайшылық өмір мен өлім арасындағы тайталасқа қалай ұрынғанын Шекспирден артық кім суреттейді! Отелло – әлемдік әдебиет галереясында күшті қаһарманның бірі, ол нағыз ер азамат бола тұрып, нақақ жаланың қаруы мен құрбанына айналды. Осынау баянсыз ғашықтықтың күйігі мен наласы жер бетінде ауық-ауық қайталана беретінін ұлы ағылшын жазушысы айғақтайды. «Отелло» – Ұлы шығарма!
«Отелло» спектаклі Мәскеу қаласында өткен XVI Халықаралық «Золотой Витязь» театр фестивалінің
«ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ 2018» ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алды.
\Мәскеу қаласы – 2018 жыл\
ХІ «Гостиный двор» Халықаралық театр фестивалінде «Отелло»
спектаклінің арнайы көрсетілімі өтті
\Орынбор қаласы – 2019 жыл\