Билет сатып алу
Ыбыраев Болат Қалыбекұлы

1954 жыл 23 шілдеде  Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,                    Н. Әбдіров ауылында дүниеге келген.

1960-1970 жылдары он жылдық мектепті бітірді.

1972-7194 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1975-1990 жылдары Алматы Театр және көркемсурет институтының театр және кино актері бөлімін тәмамдады.

1979-1990 жылдары Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды драма театрында актер болып қызмет істеді.

Елордамыздағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының негізін қалаушыларының  бірі1990 жылдан аталмыш өнер шаңырағында қызмет атқарып келеді.

 

Театр сахнасындағы рөлдері:

Д.Исабеков «Әпке» – Тимур

Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері- Ақтоқты» – Жалмұқан

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Базарбай

Ш.Айтматов  «Ғасырдан да ұзақ күн» – Едіге

Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Марат

М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Диуана

С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Бүркіт

С.Жүнісов «Жаралы гүлдер» – Баттал

О.Бөкеев «Құлыным менің» – Жан

Б.Ұзақов «Жандауа» – Шал

Б.Ұзақов «Үміт» – Юрист

Гоголь «Үйлену» -Жевакин

Т.Ахтанов «Жоғалған дос» – Естемесов

Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Кубик

Т.Ахтанов «Ант» – Хан

А.Дударев «Кеш» – Василий(Мультик)
М. Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» – Көбікті

М. Әуезов «Қарагөз»  – Жабай

М. Әуезов «Абай» – Оразбай

М. Әуезов «Еңлік-Кебек» – Кеңгірбай би

Т. Джюдженоглу «Көшкін» – Ақсақал

В. Дельмар «Баянсыз бақ» – мистер Купер

Д. Рамазан «Кенесары – Күнімжан» – Тұрсынбай

У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Пастор

У.Шекспир «Гамлет» – Полоний

М.Фриш «Дон Жуанның думаны» – Тенорио

Е.Жуасбек «Терең тамырлар» – Ала ағаш

А.Чехов «Ваня ағай» – Войницкий;

Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» -Балта

Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д арк» – Кошон

Қ.Жүнісов «Сәкен-Сұңқар» – Ахмет Байтұрсынов

В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Лукьянов

М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Сәрсен

У.Шекспир «Отелло» – Брабанцио

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Би

 

Марапаттары:

2002 жылы 12 желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2013 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

2015 жылы «Қаллеки» театрының негізін қалаушылардың бірі,  Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Ыбыраев Болат Қалыбекұлының  60  жасқа,  шығармашылығына  40 жыл  толуына орай шығармашылық кеші өтті.