Рус Қаз Eng

ПРЕМЬЕРА! «БОНАПАРТТЫҢ ҮЙЛЕНУІ»

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

БОНАПАРТ Бейбарыс Сарсен

Қайыржан Садықов

 

ДӨРЖАН

Ерлан Малаев

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жанқалдыбек Төленбаев

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

ӘБДӘШІМ

Самат Байыров

Мәдениет саласының үздігі

Қасымхан Бұғыбай

Мәдениет саласының үздігі

 

ҰЛТУҒАН

Гауһар Жүсіпова

Мәдениет саласының үздігі

Айман Карпсеитова 

 

ИСПАНӘЛІ

Әли Қалдар

Ұлан Қабыл

Жанат Оспанов

Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты

 

НҰРЖАМАЛ

Айшолпан Жаңабергенова

Мәдениет саласының үздігі

Айнұр Жетпісбаева

 

АЙСЕДОРА

Диана Жолдыбек

Еңлік Айымғазы

 

АМАНКЕЛДІ

Боранбай Молдабаев

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дастан Әлімов

«Бонапарттың үйленуі» – күлкі арқылы күрделі сұрақ қоятын қазақы комедия. Қалада тұратын бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның көзқарасын, діни ұстанымын, дәстүрге деген жауапкершілігін әшкерелейді.

Той қарсаңында ашылған күтпеген «ақиқат» кейіпкерлерді таңдауға мәжбүр етеді: сыртқы бедел ме, әлде ішкі шындық па?

Қойылымда ұлттық құндылықтардың аяқасты болуы, салт-дәстүрдің мазмұнынан айырылып, даңғаза формаға айналуы, тіл мәселесінің тасада қалуы ащы мысқылмен көрсетіледі. Заманауи көрінеміз деп ұлттық негізді әлсірету – спектакль көтеретін өзекті тақырыптардың бірі. Сонымен қатар қоғамдағы күрделі мәселелерге тіке қарай алмау, шындықты айналып өту, жалған беделдің тасасына тығылу секілді құбылыстар да өткір сынға алынады. Күлкі мен ой қатар өрбиді.

Бұл қойылым – күлдіру үшін емес, күлкі арқылы ояту үшін!

Премьерасы 2026 жылы 3-4 наурыз күндері өтті.

Автор: Дулат Исабеков
Режиссер: Болат Ұзақов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жанр: комедия
Ұзақтығы: 90 минут

17.03.2026, 19:00

18.03.2026, 19:00

Үлкен сахна

Билет сатып алу
Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?