«Ел мәртебесі – Ата Заң»
Халық аспаптар ансамблінің концерті
Орындаушылар: Халық аспаптар ансамблі, Мәдениет саласының үздігі, актриса Гауһар Жүсіпова, Әлемгүл Нұрлан, Темірлан Шөкенов, Бекарыс Шалқар, домбырашылар ансамблі т.б.
ҚР Конституция күніне орай Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Халық аспаптар ансамблі көрермен назарына «Ел мәртебесі – Ата Заң» атты концертін ұсынады.
Кеш барысында қазақтың дәстүрлі күйлері мен заманауи композиторлардың шығармалары орындалып, ұлттық музыканың әсем үні көрермен жүрегіне жол табады. Дирижер – Б.Сарыбай.
Бағдарламада Дайрабайдың күйі «Дайрабай», Қ.Ахмедияров «Қосбасар», Н.Әшіров «Жырқисса», Қ.Құмақайұлы «Арман», Б.Мақаев «Ғасырлар үні», С.Бегендікұлы «Сүгірдің термесі», М.Бердіғұлов «Дәуір Дастан», Е.Үсенов «Қойлыбайдың сарыны», А.Жайымов «Шалқыма», Е.Жаңаберген «Сағыныш», Е.Кәкежанов «Шабыт», А.Сұлтанбеков «Домбыра», Т.Шөкенов «Ғасырлар Әуені», «Рухты ел», Қ.Рахмет «Тұлғаларға туынды», «Күй шашу» сынды туындылар орындалады.