Рус Қаз Eng

КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрермендерді симфониялық және фортепианолық репертуардың таңдаулы туындылары ұсынылатын Классикалық музыка кешіне шақырады.

Концерт бағдарламасына Тілес Қажығалиевтің «Дала аңызы» балетінен сюита, сондай-ақ Сергей Рахманиновтың терең лиризмге толы «Вокализ» шығармасы және әлемдік классикалық музыканың ең жарқын, эмоционалдық туындыларының бірі саналатын фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерті енген.

Кештің солистері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Измайлов және халықаралық конкурстардың лауреаты Дана Дженсикпаева (фортепиано).

Бас дирижер: Ерлан Бейсембаев, Мәдениет саласының үздігі

Жанр: концерт

Ұзақтығы: 90 мин

04.02.2026, 19:00

Үлкен сахна

Билет сатып алу
Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?