Рус Қаз Eng

ПРЕМЬЕРА! «АННА КАРЕНИНА. РОМАН ПАРАҚТАРЫ»

Үйіндегі салқындық пен қоғамның тұншықтырған тәртібінен қашқан Анна Каренина балға тап болады. Сол кеште граф Вронскиймен кездесіп, жүрегіндегі жаңа сезімге беріледі. Махаббат пен аналық борыш, ішкі күйзеліс пен қоғамның үкімі оны терең қақтығысқа қалдырады. Бір жағында сезімнің шынайылығы, екінші жағында отбасылық парыз бен қоғам талаптары тұр. Бұл махаббат – құтқарушы ма, әлде қасірет бастауы ма? Қойылым адам жүрегінің нәзік тартысын, тағдыр мен сезім арасындағы күресті ашады.

 Кейіпкерлер мен орындаушылар:

АННА КАРЕНИНА Инабат Әбенова

Ақмарал Танабаева

ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері

 

АЛЕКСЕЙ КАРЕНИН 

Жанат Оспанов

ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері

Ерғұлан Жанпейісов

 

АЛЕКСЕЙ ВРОНСКИЙ

Қайыржан Садықов

Біржан Жүнісов

 

ГРАФИНЯ ВРОНСКАЯ

Айнұр Бермұхамбетова

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   

 

РОМАНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕР:

Н.Есен, А.Омарова,

З.Әбенов, А.Тұранова, А.Орынтай,

Н.Бөкенбаева, Д.Жолдыбек,

Р.Алишев, Д.Егубаева,

Н.Қосанов, Г.Исмайлқызы, С.Сагинова.

 

НИКОЛАЙ ЛЕВИН  

З.Әбенов
 

КИТИ    

Д.Жолдыбек, Н.Бөкенбаева

Спектакльдің премьерасы 2025 жылдың

28-29 желтоқсан күндері өтті.

Автор: Лев Толстойдың «Анна Каренина» романының желісі бойынша
Қоюшы режиссер: Рача Махатаев
Жанр: хореодрама
Ұзақтығы: 120 мин

05.02.2026, 19:00

Үлкен сахна

Билет сатып алу
Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?