Билет сатып алу
ProductS

ҚЫЗ ЖИЫРМАҒА ТОЛҒАНДА

Афиша туралы ақпарат:

Жанр: мелодрама

Ұзақтығы: 105 минут

Антракт: жоқ

Жас санаты: 12+

 

Шығармашылық құрам:

 

Қоюшы режиссері: Дәурен Серғазин

Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов

Киім суретшісі: Алма Сырбаева

Дыбыс режиссері: Қарлығаш Танабаева

Режиссердің ассистенті: Әбілмансұр Серіков

Режиссер көмекшісі: Әлия Дәуітова

 

 

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

 

ҒАЙНИ                        –        Алтынай Нөгербек

 

ЖІБЕК                         –        Бегімнұр Қалила

 

ҒАЙЫПБЕРГЕН        –        Әбілмансұр Серіков

 

ГАУҺАР                      –        Арай Омарова

 

ЕСІМСЕЙІТ               –        Олжас Жақыпбек

 

ТӘУКЕН                     –        Жанат Оспанов

Махаббаттың формуласы қандай? Ғажап сезімнің құдіретін танып білдім, қыр-сырына қанықпын деп әркім айта ала ма? Дүниедегінің бәрінің де сыңары бар. Әуедегі аққу да екеу болып ұшады. Даладағы киік те екеу болып жүреді. Тіпті, жер астынан қылтиған көк те екі бүршік болып шығады.

Бес күн жалғанда екеу боп, бірің ренжісең, екіншің жұбатып, бірің күлсең, екіншің қуанып, бірің әке болсаң, екіншің шеше болып, ұл өсіріп, қыз өсіріп, отан болып отырудан артық қандай бақыт бар?! Қандай сүйіспеншілік бар?! Соның бәрін біле тұра, неліктен біз ғұмырымызды көңіл түкпіріндегі идеалымызды күтуге арнаймыз?!

Билет Сатып алу


Басқа афиша туралы ақпарат: