Рус Қаз Eng

Сахы Нұрболат Асқарұлы

домбырашы, композитор

Сахы Нұрболат Асқарұлы 1998 жылғы 26 желтоқсанда Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Құмшағал ауылында дүниеге келген.

2017 жылы Қарағанды мамандандырылған музыка мектеп-интернатының түлегі атанды.

2017–2021 жылдар аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінің Дәстүрлі музыкалық өнер факультетінде «Домбыра» мамандығы бойынша білім алып, «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы, доцент, «Мәдениет саласының үздігі» атағының иегері Еділ Басығараевтың сыныбын тәмамдады.

Оқу барысында және шығармашылық жолында көптеген республикалық және халықаралық байқауларда жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда:
– Республикалық «Қос ішек» байқауының Бас жүлде иегері,
– А. Жұбанов атындағы республикалық байқаудың I орын жүлдегері,
– ЮНЕСКО ойындарының жеңімпазы,
– Б. Басығараев атындағы «Ақжелең» байқауының III орын жүлдегері,
– Республикалық Дельфий ойындарының II орын жүлдегері.
Сонымен қатар халықаралық және республикалық конкурстардың бірнеше дүркін лауреаты.

2021 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының халық аспаптар ансамблінің құрамында қызмет атқарады. Театрдың музыкалық қойылымдары мен концерттік бағдарламаларына тұрақты түрде қатысып келеді.

Нұрболат Сахы тек орындаушы ретінде ғана емес, композиторлық қырынан да танылып келеді. Халық аспаптар ансамбліне арнап бірқатар авторлық шығармалар жазып, репертуарды жаңа туындылармен толықтыруда.

Авторлық шығармалары:

«Өрлеу»

«Сарын»

«Көңілді дәурен»

«Талас» 

«Асыл мұра»

Нұрболат Сахы – дәстүрлі қазақ музыкасын жаңаша қырынан дамытып келе жатқан жас талантты домбырашы әрі композитор.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?