Билет сатып алу
Анварова  Ситора  Пардобайқызы

Анварова Ситора Пардобайкызы – 2000 жылы 25 қараша күні Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында дүниеге келген.

2019-2022 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінде «Театр және кино әртісі» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекназар Лейло Ақназарқызының шеберханасында тәлім алды.

2021 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы.

Театр сахнасындағы рөлдері: И. Кальман «Қабаре жұлдызы» – Стасси, М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Айман, Шолпан тобындағы қыз,

И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Адель, А.Менчелл «Күзгі іңір» – Жас Дорис,  М.Сервантес «Дон Кихот» – Жиен қарындас.

Марапаттары:

III Халықаралық конкурс «Jumeirah Sounds» – Гран При. Дубай – 2019 ж.

Online contest “Talentsof the 21st century” 2020 Category Diploma «Laureate 1»