Билет сатып алу
Атымтаева Түймехан Байырбекқызы

1955 жылы 6 қараша Шымкент облысы, Сайрам ауданы, «Көмаш бұлақ» ауылында дүниеге келген.

1972 жылы он жылдық мектепті бітіргеннен кейін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетінің актерлік бөліміне оқуға түсті.

1978 жылдан бастап, Шымкент облыстық  Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында актриса болып еңбек етті.

1990 жылдан бастап, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында қызмет етіп келеді. Яғни, осы аталмыш, өнер шаңырағының негізін қалаушыларының бірі.

1996 жылы Башкирияда өткен ІІ-ші Халықаралық театрлар фестивалінде «Ең үздік мақтау қағазымен»  марапатталды.

 

Театр сахнасындағы рөлдері:

Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері – Ақтоты» – Ақтоқты

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қозының анасы

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Қамқа

М.Әуезов «Еңлік – Кебек» – Еңлік (инцинировка Б. Римова)

М.Әуезов «Абай – Әйгерім» – Әйгерім

М. Әуезов «Көксерек» – Әже

С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Зухра

С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» – Сабира апай                            Д.Исабеков «Әпке қамажай» – Көрші әйел, Келін

М. Шаханов «Танагөз» – Жүлилә апа

Ш.Айтматов «Ана-Жер ана» -Жер-Ана

Ж. Файзи «Башмағым» – Фахрия

С. Мұқанов «Шоқан» – Катарина

А. Цагарели «Гамарджоба» – Ануш

А. Чехов «Ваня ағай» – Мария Васильевна

Ф. Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Ақық (бәйбіше)

Е.Жуасбек «Антивирус» – Жамал

С.Балғабаев «Махаббат сиқыры» – Меңгеруш

Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Жәмиләнің енесі

А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Дорис

 

Марапаттары: 2001 жылы ҚР Президентінің Алғыс хатымен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2012 жылы Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы қарсаңында актрисаға «Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

2014 жылы Қызылорда қаласында өткен КСРО және Қазақстанның халық артисі С. Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан театрларының XXII республикалық фестиваліне Ш. Айтматовтың «Ана – Жер Ана» спектаклімен қатысып, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т. Атымтаева «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын жеңіп алды.

2017 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мәдениет саласындағы стипендиясының иегері атанды.

2019 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» толуына орай, қазақ өнеріне, мәдениетіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы  Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.