Билет сатып алу
Бұғыбай Қасымхан Иманқұлұлы

Бұғыбай  Қасымхан  Иманқұлұлы 1976 жылы 29 қараша күні дүниеге келген.

Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының музыкалық драма бөлімін бітіріп, 2002 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актер қызметін атқарып келеді.

 

Театр сахнасындағы рөлдері:

М.Әуезов «Еңлік-Кебек»  – Кебек, Матақ

М.Әуезов «Абай» – Мағауия, Көкпай

«Айман – Шолпан» – Арыстан тобындағы жігіттердің бірі

С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» – Жалғасбай

Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» –  Рай

Ш.Айтматов «Ана – Жер-Ана» – Қойшы

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Жуан-Жуандар,

Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Сатушы

Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Бекболат

М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» – Бекзат

О.Бөкей «Құлыным менің» – Дулат

Б.Ұзақов «Жандауа» – Нұрбол

Е.Жуасбек «Үйлену» – Терек

Е.Жуасбек «Антивирус» – Марат

А.Цагарели  «Гамарджоба!» – Тимотэ

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Блинд

М.Фриш «Дон-Жуанның думаны» – Лоперелло

Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Ақын жігіт

У.Шекспир «Гамлет» – Актер

Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Сердәлі

Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» – Жалғас, Нәпіл

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Жалбы

Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’Арк» – Фискал

М. Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш – Қараш» – Әзберген

Р. Отарбаев «Әміре» – Әміре

У.Шекспир «Отелло» – Монтано

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Қалтай

Ұ.Есдәулет «Зере» – Қаратай

И.Кальман «Кабаре жұлдызы» – Ферри

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Төбе би

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Би

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш.

 

Кинодағы  рөлдері:  «Өзгеге жұмбақ әлемім» телехикаясында басты рөл – Әке; «Няня ағай» т/х– Әке; «Бір келіншек» т/х – Меценат; «Елбасы жолы» көркем фильм – М.Қасымбеков; «Ради будущего» –  МАИ қызметкері.«Абай» телехикаясы –  Жиренше рөлінде; «Абай жолы» т/х – Мұсажан;

«Замандас» т/х – Қанатбек; «Ұлы дала таңы» тарихи фильмі – Қасым ханның хатшысы, режиссер – А.Сатаев;

Марапаттары:

2013 жылы ҚР Президенті стипендиясының иегері.

2017 жылы Халықаралық театр күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

2019 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның шығармашылығын прокуратура органдарында кеңінен насихаттау және қызметкерлердің тіл мәдениеьін арттыру мақсатында өткізілген “Абай оқулары”  байқауына белсенді қолдау көрсеткені үшін “Алғыс хатпен”  марапатталды.

2019 жылы Қасымхан Бұғыбай Әміре рөлін сомдаған «Әміре» драмасы Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ Республикалық театр фестивалінде І орынға ие болды. Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязов.

2020 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлер күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы атынан Алғыс хатпен марапатталды.

2020 жылы Мәдениет саласының дамуына қосқан ерекше үлесі мен елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.