Айнұр Ардаққызы Жетпісбаева 1989 жылдың 5 маусымында Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршын ауылында дүниеге келген. 1995 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. №8 орта мектебінде білім алды.
2006-2010 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актерлік өнер және режиссура» кафедрасының «Драма және кино актері» мамандығы бойынша білім алды.
2009 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса болып жұмыс істеп келеді.
Театр сахнасындағы рөлдері:
- М.Әуезов – «Айман-Шолпан» – Шолпан
- Ғ.Мүсірепов – «Ақан сері – Ақтоқты» – Ақтоқты
- У.Шекспир – «Ромео мен Джульетта» – Джульетта
- Т.Ахтанов – «Күшік күйеу» – Ботка
- «Үйлену» – Зерек
- «Антивирус» – Гульчетай
- Т.Джюдженоглу – «Көшкін» – Келін
- Д.Рамазан – «Кенесары-Күнімжан» – Күнімжан
- И.Штраус – «Жұбайлар жұмбағы» – Лотта
- М.Фриш – «Дон Жуанның думаны» – Миранда
- Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов – «Қыздар-ай» – Айсұлу
- О.Жанайдаров – «Жұт» – Сәуле
- У.Шекспир – «Отелло» – Эмилия
- Н.Гәнжәуи – «Ләйлі-Мәжнүн» – Достар және періштелер
- Ф.Болонья – «Байланыс аясы» – Карлотта
- Х.Алтай, Х.Оралтай – «Алтайдан ауған ел» – Көш
- Ғ.Мүсірепов – «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Таңсық, Күнікей
2011 жылы «Қаллеки» театры ұйымдастырған «Өз актеріңді таны!» акциясы барысында көрермендердің таңдауымен «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алды.
2012 жылдың 1-5 қазан аралығында Қостанай қаласында өткен І.Омаровтың 100 жылдығына арналған Республикалық Театрлар фестивалінде Зерек рөлі үшін «Үміт» номинациясын иеленді.
2019 жылы 27 наурызда Халықаралық театр күні мерекесіне орай елорда мәдениеті мен руханиятын дамытуға және халқымыздың мәдени құндылықтарын насихаттауға қосқан еңбегі үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
2019 жылы ұлттық мәдениетімізді дамытуға қосқан сүбелі үлесі және кәсіподақ ұйымындағы белсенді қызметі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі мен Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
2020 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы атынан Алғыс хатпен марапатталды.