Билет сатып алу
Жолдыбек Диана Серікқызы

Жолдыбек Диана Серікқызы – 1997 жылы 12 желтоқсан күні Қостанай  қаласында дүниеге келген.

2003-2015 жылдары Ыбырай Алтынсарин  атындағы орта мектепте білім алды.

2015 – 2017 жылдары Қостанай политехникалық колледжінде білім алған.

2017-2021 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы  Қазақ Ұлттық өнер университетін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақыш Омар шеберханасына оқуға түсіп,  «Драма театр және кино артисі» мамандығы бойынша тәлім алған. 2021 жылы Ілияс Омаров атындағы Қостанай театрында 4 ай жұмыс істеді.

2021 жылы Қаллеки Қуанышбаев  атындағы  мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына толыққанды маман ретінде жұмысқа қабылданды.

 

   Театр сахнасындағы рөлдері: М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Оққағар,

О.Бөкей «Ұйқым келмейді» – Бақыт , О.Жанайдаров «Жұт» – Лена, К.Кизи «7+1»  – Сандра, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» –  Рақима, Көш, Г.Пьянова «01» –  Әлия.

2022 жылы актриса Диана Жолдыбек басты рөлдердің бірін сомдайтын «Ұйқым келмейді» /Авт: О.Бөкей  Реж: Б.Сұлтанғазы/ спектаклі V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне шақырту алып, театр сарапшыларының назарына ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша жас  режиссер Б.Сұлтанғазы «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

    Кино саласындағы рөлдері: «Әкесінің баласы» ситкомы, «Нянямен» ситкомы, «Құс сүті» қысқаметражды фильмі; «Құдаша қыз» қысқаметражды фильмі; «Жолайрық» телехикая; «День  рождение сына» қысқаметражды фильмі, «Жүрегімнің жауһары» телехикаясы – Ұлжан рөлі.

2021 жылы « Құдаша қыз» қысқаметражды туындысы “Jaiyq Film Fest” фестивалінде «Үздік сценарий» номинациясының жеңімпазы.

2021 жылы «Құдаша қыз» » қысқаметражды туындысы Солтүстік Кавказ еліндегі III ашық Жастар «Кинокавказ»  фестиваліне ұсынылды.