Билет сатып алу
Жұмағұлова Бақыт Ботпайқызы

Жұмағұлова Бақыт Ботпайқызы 1967 жылы 9 сәуір айында Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданында дүниеге келген.

1984 жылы қазақ орта мектебін бітіріп, сол жылы Қарағанды музыка училищесінің домбыра сыныбында оқыды.

1986-1988 жылдары М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының жанындағы драма студиясының Әубәкір Рахымов сыныбына қабылданады.

1988-1997 жылдары Талдықорған қаласының қазақ драма театрында актриса қызметін атқарды. Осы театрдағы он жыл еңбегінде көптеген рөлдерді сомдады. Мәселен, «Пұшайман болған әулие» – Әйел, «Ақын-Сара» – Сара, «Шырағың сөнбесін» – Света,  «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Зәуреш, «Еңлік-Кебек» – Еңлік т.б рөлдері актрисаны көрермендеріне етене жақындастыра түсті.

1997 жылдан елодадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы;

2002-2005 жылдары Қазақ музыкалық Ұлттық Академиясының «Театр және кино актері» мамандығын оқып, әйгілі режиссер, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов шеберханасынан өтті.

2016 жылы «Еңлікгүл – 2016» атты кәсіби сыйлығы бойынша театр саласына қосқан үлесі үшін арнайы марапатқа ие болды.

2018 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан зор үлесі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

2019 жылы «Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңес» атынан «Қазақ мәдениетінің қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеуге, халық шығармашылығын жетілдіруге, ұлттық мәдениетімізді дамытуға қосқан сүбелі үлесі және салалық кәсіподақ қозғалысындағы белсенді қызметі үшін “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігі атынан  Құрмет грамотасымен марапатталды.

2019 жылы Ш.Айтматовтың «Ана мен ала» моноспектаклімен Ресейде өткен В.И.Милосердов атындағы актерлердің жеке жобаларына арналған фестиваль-конкурсқа қатысып, актриса Бақыт Жұмағұлова моноспектакль үшін “Үздік әйел бейнесі” және “Үздік спектакль” номинацияларымен марапатталды. Режиссер – А.Салбан.

2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

Театр сахнасындағы рөлдері:

М. Әуезов «Еңлік Кебек» -Еңлік

М.Хасенов « Қош бол, Ардағым» – Ардақ

М. Әуезов «Қанды азу»

М. Әуезов «Қарагөз» – Әйел

«Ақын Сара» – Сара

Ш. Айтматов «Ана жүрегі» – моноспектакль

Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Үкібала

Т. Ахтанов «Шырағың сөнбесін» – Света

«Толғанай»

«Мадумазель Нетуш» – Карина,

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Дүрия

Ш.Айтматов «Ана-Жер Ана» – Жер-Ана

«Ақ кеме» – Кемпір

Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай» – Айсұлу

Б.Ұзақов «Жандауа» – Ана

Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» – Әлизә

Е.Жуасбек «Үйлену» – Мерек

Е.Жуасбек «Антивирус» – Фатима

«Әзәзіл» – Екінші әйел

Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Динаның жеңгесі Т.Джюдженоглу «Көшкін» – Қауым мүшесі

М.Фриш «Дон Жуанның думаны» – Донна Изабелла

Ә.Тарази «Үкілі жұлдыз» – Ри

М.К. Машаду «Бразилия байлығы» – Әже

Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Сауыр Көк

Ш.Айтматов «Ана жүрегі» (моноспектакль) – Толғанай

Ш.Айтматов «Ана мен ала» моноспектакль

А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Мильдрид

Ән жазу шығармашылығымен айналысады. Әндері мен әндерге жазылған өлеңдері Қазақстан жұлдыздарының орындауында жиі айтылады.