1971 жылы 18 наурызда Алматы облысы, Шелек ауданы, Масақ ауылында дүниеге келген.
1993-1994 жылдары АО «Қазақфильм» – режиссердің ассистенті;
1994 – 1996 жылдары Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында дыбыс режиссері;
1997 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының театр және кино бөлімін бітіріп, елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жолдамамен келді.
1997 жылы М.Әуезовтің «Көксерек» повесінің желісімен сахналанған «Қанды азу» спектаклінде тұсаукесер рөлі Ақшоланды өте жоғары дәрежеде көрсетті.
2005 жылдан бастап қазақ эстрадасындағы «Бәйтерек» тобының әншісі, директоры.
2006 жылы ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты атанды.
ҚР Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты;
2013 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Тәуелсіз «Тарлан-Платина» сыйлығының лауреаты;
2019 жылы Қырғыз Республикасы Бішкек қаласындағы Бейшенәлиев атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтында «Режиссер» мамандығы бойынша тәмамдады.
Театр сахнасындағы рөлдері: М. Әуезов «Еңлік -Кебек» -Дәулеткелді, «Абай» – Керім, «Айман – Шолпан» – Маман, Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» – Бекежан, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қодар, В. Дельмар «Баянсыз бақ» – шал, І.Жансүгіров «Махамбет» – Исатай, Ш. Айтматов «Ана – Жер-Ана» – , «Ғасырданда ұзақ күн» – Еділбай, Дж. Патрик «Қымбатты Памела» – доктор, А. Цагарели «Гамарджоба» – Микич, Қ. Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Әмір, Т. Джюдженоглу «Көшкін» – Қауым басшысы, И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Франк, Е. Жуасбек «Терең тамырлар» – Орман директоры, «Антивирус» – Асан, У. Шекспир «Гамлет» – Клавдий, Қ.Жиенбай – «Таңғажайып планета» -Мүсіркеп, С.Балғабаев «Махаббат сиқыры» – Алпан, Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай» – Доцент, Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» – Қален, М.Әуезов «Қарагөз» – Дулат, М.Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» – Қызылбас, Қазан батыр, М.Байжиев «Қылмыстық оқиға» – Милиционер, У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Лоренцо Пірәдар, В.Ежов «Тыраулап ұшқан тыраулар» – Старшина Кузовков, Д.Файзи «Башмағым» – Кәрімбай, Флоримон «Түлкі бикеш» – Театр директоры, В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Кузовков, Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Барақбай, А.Айларов «Сүрінген сүрбойдақ» – Темикко, М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Ақан; У.Шекспир «Отелло» – Монтано; Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Құнанбай, Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Би, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Нұрпай батыр, Көш.
2021 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаевтың 50 жас мерейтойына орай «Құнанбай» спектаклінің премьерасы ұсынылды. Белгілі жазушы, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың қаламынан туған туындыны сахнаға театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов лайықтады. Құнанбай бейнесін Ерлан Малаев сомдайды. Спектакль 2021-2022 жылдары ТЕАТР ALL Nur–Sultan theatre week театр фестивалі мен «Қаллеки тынысы» премьералар апталығы аясында театр сарапшылары назарына ұсынылып, жоғары бағаланды.