Молдахмет Аманжол Бөкешұлы 1965 жылы 25 шілде күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жаңаталап (қазіргі Т.Жүргенов ауылында) дүниеге келген.
1982-1984 ж.ж. Алматы қаласындағы Театр студиясынан білім алды.
1984-1986 ж.ж. Әскер қатарында борышын өтеді.
1986-1994 ж.ж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының театр және кино актері мамандығын тәмамдады.
1994-1996 ж.ж. Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау қаласының қазақ театрында актер қызметін атқарды.
1996-1997 ж.ж. Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ театрында қызмет атқарды.
2000 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;
2017 жылы еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосып келе жатқан зор еңбегі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
2019 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.
2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері атанды.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Е. Аманшаев «Үзілген бесік жыры» – Ол
Т. Ахтанов «Күшік күйеу» – Қабанбай
Ш. Айтматов «Ақ кеме» – Саудагер Сағызбай
Е. Жуасбек «Үйлену» – Көмек Жәрдембергенұлы
Т. Джюдженоглу «Көшкін» – Қауым мүшесі, Еркек
А. Цагарели «Гамарджоба» – Тимоте
М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Оққағар
У. Шекспир «Гамлет» – Қабірші
С. Тұрғынбекұлы «Мұқағали» – Шал
Д. Рамазан «Кенесары-Күнімжан» – Жауынгер
Д. Рамазан «Абылай ханның арманы» – Қазыбек би
Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Шаймерден
И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Орманшы
М.Әуезов «Абай» – Тәкежан
Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Жалғас
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Базарбай
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Жылгелді
Ф.Оңғарсынова «Күйші Дина» – Шал
Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» – Әбейсін
У.Шекспир «Ромео – Джульетта» – Балтазар
Ертегілер: С. Аксалов «Ал қызыл гүл» – Көпес, Уно Лейес «Айға ұшқан буратино» – Буратино, С. Маршак «Үйшік» – Кірпі, Ш. Устинов «Маленький Шарманшик», Ш. Жүнісов «Орман ертегісі» – Маймыл, «Сиқырлы шөп» – Бақсы, «Жеті лақ» – Лақ, қасқыр, «Қар ханымы» – Ханзада, «Құпиялы мереке» – Аяз ата, «В строме музыки» – Музыкант, «Алтын сақа» – Щоң би, Желаяқ, «Алдардың айласы» – Ит, Е.Шварц «Күлшеқыз» – Медеу ата.
М.Әуезов «Қарагөз» – Тойсары
М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Багратион
М. Әуезов «Еңлік Кебек» – Қалдашбай
І.Жансүгіров, С.Назарбекұлы, Б.Әлдібеков «Махамбет» – Баймағамбет
Ғ.Ғаппарова, М.Ғаппаров «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші» – Жауынгер
М.Фриш «Дон Жуанның думаны» – Лопорелло
Е.Жуасбек «Терең тамырлар» – Қос ағаштың біреуі
Ш.Айтматов «Ана – Жер-Ана» – Жайнақ, Теміржолшы, Ақсақал
«Япон спектаклі» – Кико Мико, тілші
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Корреспондент
О.Бөкей «Құлыным менің» – Балкондағы интеллигент
М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Ақсақал
Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Архиескоп
Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Қамбашы шал
М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Дүйсен,
Ұ.Есдәулет «Зере» – Қарахан
У.Шекспир «Отелло» – Сенатор
К.Кизи «7+1» – Банчини
Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Тонтай
Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Би