Билет сатып алу
Мұсаев Жәнібек Әбдіханұлы

1984-1993 жылдары С.Қожанов атындағы мектепте  оқыды.

1993-1997 жылдары Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінің  музыкалық тәрбие бөліміндегі баян сыныбында білім алды.

1997-1999 жылдары Алматы қаласы Б.Ибрагимовтың әзіл-сықақ театры жанынан ашылған эстрадалық мектеп студиясында дәріс алған.

1999-2000 жылдары «Керемет» әзіл-сықақ  театрының актері болды.

2000-2006 жылдары Қ.Жандарбеков атындағы  Жетісай драма театрының актері.

2006 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ  музыкалық драма театрының актері;

2015 жылы ҚР Президентінің атынан «Құрмет» грамотасын иеленді.

2021 жылы Қазақстан Республикасы “Ұлттық ұлан қызметінің үздігі” медалімен және ҚР Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің, Ұлттық ұлан орталық оркестрінің гала-концертін дайындауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2022 жылы мәдениет саласының дамуына қосқан ерекше үлесі мен елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

Театр сахнасындағы рөлдері:

Ә.Оразбеков «Бір түн алма ағашы» – Ерғали

И.Сапарбаев «Сыған серенадасы» – Барон, Алеко

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қодар

Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Мылқау

М.Әуезов «Қарагөз» – Жарылғап

М.Әуезов «Абай» – Нарымбет, Мес

М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Арыстан, Арыстан тобындағы жігіттердің бірі,

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Сақшы, Жуан-Жуандар

Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Оразқұл

А.Нүрпейісов «Қан мен тер» – Федоров, Офицер

М.Шаханов  «Желтоқсан рухы» – Ақын, Кәсіпкер

Дж.Патрик «Қымбатты Памела» – Джо Янки

Б.Ұзақов «Жандауа» – Нұрбол

Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – МММ

Е.Жуасбек «Үйлену» – Керек Әйтеуірұлы

Е.Жуасбек «Антивирус» – Равшан

Е.Жуасбек «Терең тамырлар» – Сары ағаш

А.Цагарели «Гамарджоба» – Князь, Сулико

Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Айқын

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Орловский

М.Фриш «Дон-Жуанның думаны» – Дон Гансало

Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Байғали қарт

У.Шекспир «Гамлет» – Гамлеттің әкесінің аруағы

Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» – Қияс

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Жолбарыс сұлтан

Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’Арк» – Граф Варвик

Қ.Жүнісов «Сәкен-Сұңқар» – Өкіл

М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Сотқар Би

Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Автор

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Ақан

Ұ.Есдәулет «Зере» – Кеңгірбай би, Байсал

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Генерал

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Би

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Қайысбай, Көш

 

Әлемдік кинотуындылардың кейіпкерлерін қазақ тіліне дыбыстау арқылы дубляж саласының дамуына өз үлесін қосып келеді.