Билет сатып алу
НАРТАЙ САУДАНБЕКҰЛЫ

1977 жылы 22  қараша күні Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Нарынқол ауылында туған.

1994 – 1998 жылдары Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтына театр өнері факультетінің «театр және кино актері» мамандығы бойынша  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәлім алды.

1996 – 2000 жыладры Ғ.Мүсірепов атындағы Академиялық жастар мен балалар театрында актер қызметін атқарды.

2000–2002 жылдары  С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды драма театры – әдебиет бөлімінің меңгерушісі және актер.

2002–2003 жылдары  «Карат Прогноз-ТВ-Лайн» телеарнасы – Бас редактор.

2003–2004 жылдары «БД ПРОДАКШН» ЖШС – режиссер және бас редактор.                                                             2004 – 2007 «БД ПРОДАКШН» ЖШС – Директор.

2008 – 2010 жылдары «СЦП» ЖШС – Директор.

2010– 2013 жылдары  Солтүстік Қазақстан облыстық филармония – Бас редактор, сценарист.

2013–2015 жылдары Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері.

2015–2016 жылдары «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйым – редактор.

2016–2018 жылдары Айгүл Иманбаеваның «А. И. музыкалық театр және продюсерлік орталығының» көркемдік жетекшісі.

2021 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкадық драма театрының актері.

Театр сахнасындағы рөлдері:

1996 жылы 2 курс кезінен Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар мен балалар театрының сахнасына шыға бастады.  «Алдар көсе» – Алдар көсе.

«Миғұла терісі үстіндегі сот» – Қытай елшісі. «Зона немесе шибөрілер» – Амеба. «Қаңбақ шал» – Бала. «Қыз-Жібек» – Жігіт. Қ.Мұқамеджанов. “Бөлтірік бөрік астында” – Сұңғат. «Алтын кілт» – Пьеро, «Алтын ажал» – Базарбасы.

Д. Исабеков. “Ескерткіш” – Суретші.

2000 жылдан бастап С.Мұқанов атындағы солтүстік қазақстан облыстық қазақ сазды драма театры сахнасында:

С. Мұқанов. “Аққан жұлдыз” – Сұлтанғазы Абылайханов

Ш. Айтматов.” Шыңғыс ханның ақ бұлты” – Шыңғыс хан

М. Хасенов. “Пай-пай, жас жұбайлар” – Қасым

Т. Миңнуллин. “Дильфруздың төрт күйеуі” – Әмір

«Зона немесе шибөрілер» – Капитан.

С. Жүнісов. “Қысылғаннан қыз болдық” – Едик

Володин. “Қос жебе” – Жаусоғар

«Батыр Баян» – Батыр Баян.

«Балуан Шолақ» – Балуан Шолақ.

К. Гальдони. “Екі қожаға  бір қызметші” – Труфальдино.

О. Богаев.” Даун-вэй”- Пірәдар, Бизнесмен,  Ашына,  Мент,

Ә. Оразбеков. “Бір түп алма ағашы”- Әмір.

 

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында:  

М. Байжиев “Жекпе-жек”– Ескендір

Р. Отарбаев “Көлеңкесіз жолаушы”- Полиция майоры

Қ. Жүнісов. “Сәкен-Сұңқар” – Қадыржан

Т. Әсемқұлов «Құнанбай» – Құнанбай

Р. Мұқанова. “Бопай ханым” – Би

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Әке

2021 жылы Түркістан музыкалық драма театрының арнайы шақыруымен Д.Исбековтың «Бөрте» спектаклінде Жамұқа рөлін сомдады. Режиссері – белгілі италиялық режиссер Давиде Ливерморе (Davide Livermore).

2022 Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының шақруымен  Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» қойылымында Едіге ролін сомдады. Режиссері – Ұ.Қарыпбаев.

 

Көркем фильмдері:

«Кингчесс – Золотая партия» – Қырғызфильм (реж. А.Ақыматов)

«Кемпір» (реж. Е. Тұрсынов)

«Аманат» (реж. С. Нарымбетов)

«Өмірзая» (реж. А. Әшімов)

«Құнанбай» (реж. Д. Жолжақсынов)

«Екі жүз» (реж. Д. Абдрахманов)

«Айна-ғұмыр» (реж. А. Атагелдиев)

«Ұлы дала таңы» (реж. А. Сатаев)

«Время патриотов»  (реж. А. Маскин)

«ГОК»  (реж. О. Баялбаев)

Телехикаялар:

«Ұзақ жол» (реж. Абай Қарпыков)

«Әулет» (реж. Ә. Матжанов)

«7 бөлім» (реж. А. М. Нарымбетов)

«Қашқын»  (реж. Т. Бейсет)

«Әскерден хат»  (реж. М. Әлімхан)

«Арпалыс»  (реж. Қ. Қазбек)

«Тәшенов Тайталас»  (реж. Ж. Пошанов)

«Жүрек сыры-2» (реж. А. Сахаманов)

«Ұлт ұстазы»  (реж.  М. Есжан)

 

Драматургия саласындағы жетістіктері:

Батыс Қазақстан өңірінде «Аманат», «Алыптар», «Мұқағали мен Нұрғиса» атты пьесалары сахналанды. «Шемен», «Аманат», «Алыптар», «Қамбардың тасы», «Система» атты пьесалар мен 10 шақты аудармалардың авторы.

Режиссура:

«Әже», «Ер-Қармыс» фильмдерінің режиссері әрі продюсері.

«Қазақ радиосындағы» «Сахна сыры» авторлық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі.

Марапаттары:

2010 жыл – ҚР Мәдениет қайраткері.

2012 жыл – «Ізденіс іздері» фестивалі: «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясы

2012 жылы Орта Азиялық театр фестивалі: «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясының иегері.

Республикалық театр фестивальдерінің бірнеше дүркін лауреаты.

2022 жылы «ГОК»  жобасындағы Арман Кибарев рөлі үшін «Халық сүйіктісі»  ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

2022 жылы «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.