Билет сатып алу
Нұрланов Кеңес Әзімханұлы

Нұрланов Кеңес Әзімханұлы 1962 жылы 1 наурыз күні Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында туған.

1969-1979 жылдары  Ақтоғай ауылының орта мектебін бітірді.

1979-1983 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер институтын Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, профессор Ш.Жандарбекованың сыныбынан кино және драма актері мамандығы бойынша бітірді.

1983 жылы  Қазақтың  Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрына қабылданды.

1993 жылдан  Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы  академиялық драма театрына ауысты.

1996 жыл ҚР Жастар Одағы сыйлығының иегері.

2006 жылы ҚР Ерен еңбегі үшін медалінің иегері.

2007 жылы елордалық Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына шақыртылып, актер қызметін жалғасытырып келеді.

2012 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

2014 жылдан бастап жыл сайын жас дарындарға арналған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Кеңес Нұрланов атындағы сыйақы тағайындалады.

2016 жылы актер Фирс шалды кейіптеген А.Чеховтің «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен XXIV республикалық  фестивалінен  «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия  мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан  драма  театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін ұтып алды. 2017 жылы Челябі қаласында (Ресей)  «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық кіші форм театр фестиваліне, Татарстан Республикасының Қазан қаласында өтетін Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестивальдерінде сахналанып, театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды. Қоюшы режиссері –Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері  Сергей Потапов.

2021 жылы Қаллеки театрының 30 жылдығына орай өткен салтанатты шара  аясына ҚР Мәдениет және спорт министрі арнайы тағайындаған «30 жылдық мерейтой» медалімен марапатталды.

 

Театр сахнасындағы рөлдері:

М.Мақатаев «Дариға жүрек» – жас Мұқағали

Т.Нұрмағамбетов «Жоғалған көл» – Қанат

С.Балғабаев «Қыз жиырмадан асқанда» – Есімсейіт

С.Сматаев «Зар-заман» – Нұралы сұлтан

Б. Мұқаи «Заманақыр» – Әли

И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» – Жәнібек

М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Қортық шал

М.Әуезов «Қарагөз» – Нарша

М.Әуезов «Еңлік – Кебекте» – Кебек

М.Әуезов «Абай» – Әбдірахман, Керім

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қозы

Қодар, «Ақан сері – Ақтоқты» – Балта

М.Мақатаев «Қош махаббат» – Қасым

Г.Гауптман «Ымырттағы махаббат» – Ганефельд

С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Бүркіт

Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» – Құмар

Қ.Гоцци «Турандот ханшайым» – Калаф

С.Торайғыров «Қамар сұлу» – Ахмет

Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Момын шал

Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» – Құдайменде

О.Бөкей «Құлыным менің»– Қаражан

М.Шаханов «Көкейтесті» – Шоқан

Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – Оразбай

А.Цагарели «Гамарджоба» – Акоп

Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Әмір

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Амадей

М.Фриш «Дон Жуанның думаны» – Дон Диего

Е. Жуасбек «Терең тамырлар» – АсқарУ.Шекспир «Гамлет» – Полони Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Қыздар-ай» – Әбдіқадыр

Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Молда

Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Полиция майоры

А.Чехов «Шие» – Фирс шал

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Дүйсен

Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы…» – Оразмат

Ұ.Есдәулет «Зере» – Бектемір

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Жөгі

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш

А.Менчелл «Күзгі іңір» – Сэм

 

Фильмдері: «Жансебіл» – Мұқатай, «Айдай сұлу Айсұлу» – Жақсыгелді, «Батыр Баян» – Ноян , «Мотоциклді адам» – Сапар образдары актердің киноэкрандағы шыққан биіктері, «Жетімдер» – Әке, «Біржан сал» – Бұйдабек, «Қарсы бақылау» – Айдын, «Арман асуы» – Базарбек, «Әулет» – ауыл әкімі, «Қарлығаш» – Жомарт,  «Судағы із» – Әлібек.