Билет сатып алу
Нұрхайдарова Сағыныш Асқарқызы

Нұрхайдарова Сағыныш Асқарқызы 1997 жылы 5 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.

2003 жылы Семей қаласындағы №19 орта мектептің табалдырығын аттап, 2010-2013 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің мектебінде балет артисі мамандығы бойынша білім алды.

2013-2016 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде «Балет артисі» мамандығы бойынша тәлім алған.

2016-2017 жылдар аралығында ҚР Ұлттық Гвардиясының би ансамблі мен Мемлекеттік «Astana musical» театрында биші болып еңбек етті.

2017-2021 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Қазақтың Қыз Жібегі» атанған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері, көрнекті театр және кино актрисасы, профессор Өтекешова Меруерт Қаратайқызының шеберханасына оқуға түсіп, «Драмалық театр, кино және ТД артисі» мамандығы бойынша білім алған.

2020 жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына кастингтен өтіп, еңбек жолын киелі театр сахнасында жалғастырып келеді.

Театр сахнасындағы рөлдері:

М.Әуезов «Абай» – Ажар. Режиссер – Ә.Оразбеков.

О.Бөкей «Ұйқым келмейді» – Бақыт. Режиссер – Б.Сұлтанғазы.

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Меңес. Режиссер – Б.Ұзақов.

М.Әуезов «Айман- Шолпан» – Айман. Режиссер – О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина.

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Адель. Режиссер – Н.Жұманиязов.

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Айша. Режиссер – Ф.Молдағали.

QALLEKI театр лабораториясы «Ұйқым келмейді» спектаклінің хореографы.

 

Кино саласындағы рөлдері:

«Дерт» қысқаметр.фильм (реж.Т.Бидаулетов) – Жанар, 2018ж.;

«Тайны.Судьбы.Имена» (М.Бекбаеваның телевизиялық

жобасы) – Гүлбаһрам, 2018ж.;

«Покой» қысқаметр.фильм (реж. А.Калдыбаева) – Айжан, 2019ж.;

«НяняMAN» телесериал – Асем, 2021ж.

«Расулдың хикаялары» телесериал – мұғалім, 2021ж.;

«МФЦА» (реж. Т.Дулатов) – Алия, 2021ж.

Марапаттары:

2016 жылы Ақтөбе қаласында өткен «Бидің нұры –Нұрсұлу» атты I Республикалық байқауында 1-орын иегері атанды.

2018 жылы Павлодар қаласында өткен «ERTIS CINEMA» кинофестивалінде «Дерт» фильміне қатысқаны үшін сертификат алды