Билет сатып алу
Нөгербек Алтынай Бауыржанқызы

1976 жыл 26 қарашада Алматы қаласында дүниеге келді.

1983-1993 жылдары Алматыдағы 12 қазақ орта мектебінде білім алды.

1993-1997 жылдары Алматы қаласы Т.Жүргенов атындағы  Қазақ мемлекеттік театр және кино институты кино факультетінің «кино және театр әртісі» бөлімін Ә. Сығай, Т. Жаманқұловтардың сыныбын қызыл дипломмен бітірді.

1997 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы;

Театр сахнасындағы рөлдері:

М.Байжиев «Құдалар» – Әсел

Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – Баян

М.Әуезов «Қарагөз» – Қарагөз

М.Әуезов «Абай» – Қарлығаш

М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Айманның тобындағы қыздардың бірі

Ш.Айтматов «Ана-жер-Ана» – Әлиман

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Зарипа

С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» – Муза

Ж.Мольер «Скапенің айласы» – Геацинта

В.Дельмар «Баянсыз бақ» – Кора

Б.Ұзақов «Үміт» – Әлия

Дж.Патрик «Қымбатты Памела» – Глория

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Амалия

М.Фриш «Дож-Жуанның думаны» – Донна Эльвира

Ж.М.Шевре «Ізгілік формуласы» – Маривонн

У.Шекспир «Гамлет» – Гертруда

Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Құртқа

Ә.Тарази «Үкілі Жұлдыз» – Ри

Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Кәмилә

С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» – Гүлмайдан

Қ.Жүнісов «Сәкен-Сұңқар» – Гүлбаһрам

К.Кизи «7+1» – Рэтчед

Н.Гәнжәуи «Ләйлі-Мәжнүн» – Мәжнүннің анасы

И.Кальман «Кабаре жұлдызы» – Ангильда

Ф.Оңғарсынова «Сенің махаббатың» – Фариза

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Мәнсия, Көш

Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Мақпал

Фильмдегі рөлдері:

2010 жылы «Жерұйық» фильмі (реж.С.Тәуекел);

2012 жылы «Астана жүрегімде» көркем фильмі;

2016 жылы «Анаға апарар жол» фильмінде Ананың рөлінде (реж.А.Сатаев);

2016 жылы «Так сложились звезды» фильмі (Қазақфильм киностудиясы);

2022 ж «Ұлы Дала Таңы» – Жахан бике;

 

Марапаттары:

2006 жылы Қазақстан Жастар Одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты;

2006 жылы «Керемет» тәуелсіз сыйлығының «Үздік актриса» аталымының иегері.

2011 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.

«Тұлпар» сыйлығының лауреаты; «Еуразиялық көпір» халықаралық кинофистивальінде «Ең үздік әйел рөлі» аталымы бойынша жүлдегер;

ҚР тұңғыш президенті – Елбасы атынан арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет пен өнер саласындағы стипендиясының иегері.

  • жылы А.Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильміндегі Мариям рөлі

үшін: Киноматография саласындағы Ұлттық «Тұлпар» сыйлығы – «Үздік әйел бейнесі» номинациясын, Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған «Сыншылар таңдауы» жүлдесінде «Ең үздік актриса», Ялтада өткен «Евразиялық көпір» кинофестивалінде және XXXVIII Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде «Анаға апарар жол» фильмі Гран-при, «Ең үздік әйел бейнесі» жүлделеріне ие болды.

2018 жылы «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

  • жылы ҚР Өнер саласындағы «Мемлекеттік сыйлық иегері»

атанды.

  • Жылы XV «Еуразия» Халықаралық кинофестивалі аясында

«Голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляждау» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

2021 жылы Түркістан музыкалық драма театрының арнайы шақыруымен Д.Исбековтың «Бөрте» спектаклінде Кейқуат кемпір рөлін сомдады. Режиссері – белгілі италиялық режиссер Давиде Ливерморе (Davide Livermore)