Билет сатып алу
Омарханова Рымкеш Омарханқызы

Рымкеш Омарханова  1939  жылы  30  қазанда  Қарағанды  облысы,  Қарқаралы  ауданы, Жаңа негіз бөлімшесі Сарытау ауылында дүниеге келген.

1959  жылы  Қарағанды  музыкалық  училищесінде оқыды. Осы жылдары Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы қазақ музыкалық драма театрында актриса ретінде қызмет жасады.

1990 жылы Целиноград қаласының әкімшілігінің шақыруымен қазақ театрын ашуға шақырылды. Қазіргі елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ашылуына атсалысып, осы күнге дейін еңбек етіп келеді. Рымкеш Омарханова өзінің өнер саласындағы көп жылғы еңбегінде көптеген дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды және облыстық, райондық депутаттыққа сайланды.

1957 жылы Қазақстан Жастар Одағы комитеті ұйымдастырған фестивалінде лауреат болды.

1969 жылы Қарағанды облысы бойынша депутаттыққа сайланды.

1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапаталды.

1983 жылы «Қазақстанның еңбегі сіңірген артисі» атағын алды.

1984 жылы «Еңбек ардагері» медалі берілді.

2002 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Мәскеуде өткен өнер күндерінің

аясында Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклімен «Моссовет» театр сахнасында өнер көрсетті.

2010 жылы қаңтар айында Иран Республикасы, Тегеран қаласында Мәдениет Институтының ұйымдастыруымен өткен Фаджр атындағы Халықаралық театр фестиваліне Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» (спектакльдің қоюшы режиссері – Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов) шығармасымен үздік деп танылды;

2010 жылдың қыркүйек айында Тараз қаласында өткен Республикалық ХVIII Қазақстан театрларының фестиваліне Рымкеш Омарханова басты рөлді сомдайтын А. Дударевтің «Кеш» (режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов) драмасымен қатысып, Гран-При иеленді;

2014 жылы Елбасының қолынан «Құрмет» орденін алды.

2014 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында «АҚ САМАЙЛЫ АКТРИСА…» атты 75 жас мерейтойына арналып шығармашылық кеші өтті.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясының иегері атанды.

2019 жылы «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының «Сахналық ғұмыр» номинациясымен марапатталды.

2019 жылы Рымкеш Омарханованың мерейлі 80 жасқа толуына орай шығармашылық кеші өтті. Актрисаның бенефисінде басты рөлді өзі сомдайтын «Кеш» драмасы көрсетіліп, «Қазақ өнерінің қарлығашы» кітабы жарық көрді.

Қарағанды облысы, Қарақаралы ауданының Құрметті азаматы.

Жарты ғасырдан астам шығармашылық ғұмырында 150-ден аса бейнені сомдап шығарды.

Театр сахнасындағы рөлдері:  Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – Мақпал, «Қыз Жібек»-Төлегеннің анасы, М. Әуезов «Қаракөз» – Мөржан, «Еңлік-Кебек» – Еңлік, «Түнгі сарын» – Таңқыбике, Ш. Айтматов  «Ана-Жер-Ана» -Толғанай, «Ақ кеме» – Кемпір, У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Джульетта, Қ. Бекхожин «Ұлан асу» – Айтолқын, А. Островский «Найзағай» – Катерина,  С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Фармон, Қ. Ысқақов «Шырғалаң» – Қорлығайын,   С. Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» – Хадиша, «Ескі үйдегі кездесу» – Зейнеп, Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай» – Айсұлу, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Биғайша, А. Дударев «Кеш» – Ганна т.б.