Билет сатып алу
Омар Ақыш Қоңыртайұлы

Омар Ақыш Қоңыртайұлы 1982-1985 жылдар аралығында Абай атындағы Семей музыкалық драма театрында жұмыс істеп, Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері- Ақтоқты» – Ақан сері, М. Бажиев «Қожажас» – Қожамас, М. Хасенов  «Махаббат неге оянбады» – Мұрат, Р. Сейсенбаев «Түнгі диолог» – Адай сынды рөлдерді сомдады.

1985-2003 жылдар аралығында конкурстан өту арқылы Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық театрға жұмысқа қабылданды.

Осы аралықта М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық театры сахнасында сомдаған рөлдері: Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Тансықбаев, К.Гоций «Турандот ханшайым» – Әртауым император, Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай» – Жорж Данден, Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» – Мұрат, Гапаров «Тұзды шөл» – Ол, М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» – Сәрсен, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – Қарабай, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Шал және т.б.

2003 жылы М.Горький атындағы орыс драмалық театрының шақыруымен  Елордаға – Нұр-Сұлтан қаласына көшті. 2003-2005  жылдары  аралығында  М.Горький атындағы Орыс драмалық  театрында  жұмыс істеді.  Осы кезеңде түрлі рөлдерді сомдап, мемлекеттік және қалалық іс-шараларға белсене қатысты. 2003-2005 жылдары М.Горький атындағы Орыс драма театры сахнасында сомдаған рөлдері:  Ж.Б.Мольер «Тартюф» – Тартюф, Н.Гоголь «Ревизор» – Лука Лукич, Птушкина «Плачу вперед» – Расияв, Ф.М. Достаевский  «Преступление и наказание» – Лужин, Жан-Жак Брикер «Не верь глазам своим…» – Альберт Ламар және т.б.

2005 жылдан  бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы  мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, сахна шебері;

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасындағы рөлдері:

А.Чехов «Ваня ағай» – Серебряков

Ғ.Ғаппарова, М.Ғаппаров «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші» – Ақтан

Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Момын шал

Е. Жуасбек «Терең тамырлар» – Бағбан

А.Дударев «Кеш» – Василий (Мультик)                                                              В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Старшина Кузовков

М. Әуезов, Қ. Ысқақ «Қараш-Қараш» Николай Добродеевич

Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна д Арк» – Әке

Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Әке

Антонио Буэро Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Әке

Т.Джюдженоглу «Көшкін» – Қауым басшысы

Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Автор

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Генерал

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Неплюев

 

2007 жыл – Президенттік мәдени орталық М.Жодасбеков «Ұлбике» (Тойтан). Телесериалдарда ойнаған рөлдер: «Перекресток» (Тоғысқан тағдырлар)- Ғабиттің рөлі, «Саранча» (Шегіртке) – Жорабектің рөлі. «Жедел жәрдем», «Жас ұлан». Хабар телеарнасының ойын-сауық теледидар хабарлары: «Тамаша»; «Біздің көшенің тұрғындары»; «Жетпіс жеті күн» – әзіл-оспақ бағдарламасы; «Көпен келе жатыр»  атты пародия театры және т.б.

Фильмдегі рөлдері: «Хабар» телеарнасының тұңғыш отандық сериалдары «Тоғысқан тағдырлар» (Перекресток), «Шегіртке» (Саранча) түсті

 

Марапаттары:

1992 жылы драматург Ермек Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» спектаклі үшін Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атанды.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрметті атағын иеленді.

2006 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен  республикалық фестивальде А.Чехов «Ваня ағай»  спектакліндегі Серебряков рөлі үшін «Үздік ер адам рөлі»  аталымына ие болды.

2007  жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

2010 жылдың қыркүйек айында Тараз қаласында өткен Республикалық ХVIII Қазақстан театрларының фестивалінде Ақыш Омар басты рөлді сомдайтын «Кеш» (режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов) драмасы Гран-При иеленді;

А.Омар басты рөлдердің бірін сомдайтын «Күн сәулесі түспеген»

психологиялық драмасы /Авт.А.Вальехо, Реж.Н.Жұманиязов/ 2016 жылы

РФ Челябі қаласында өткен «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық

Кіші форм театр фестивалі аясында халықаралық театр сарапшылары назарына ұсынылып, жоғары бағаланды. 2017 жылы С.Қожамқұлов атындағы Жазқазған қазақ музыкалық драма театрының 45 жылдық мерейтойы аясында Жанат Хаджиев атындағы І аймақтық театрлар фестивалінде “Ең  үздік режиссерлік жұмыс” номинациясына ие болды.