Билет сатып алу
Ордабаев Шах-Мұрат Сайлаубекұлы

Ордабаев Шах-Мұрат Сайлаубекұлы  1986 жылы 16 қазан күні Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген.

2006 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасына түсіп, 2010 жылы «драма театры және кино актері» маманы болып шықты.

2010 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына қабылданды.

Театр сахнасындағы рөлдері:

М.Әуезов  «Айман-Шолпан» – Балпық

У.Шекспир «Гамлет» – Розенкранц

Е.Жуасбек «Сен үшін» – Жігіт

Е.Жуасбек «Антивирус» – Самат

Д.Рамазан  «Кенесары-Күнімжан» – Карбыше

Ж.М. Шевре «Ізгілік формуласы» – Самир, Манюэль

Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Қыздар-ай» – Хасен

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Жуан-Жуан

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Князь Ураков

Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Ақшулан

Халық ертегісі «Ер Төстік» – Жолдыаяқ

М.К.Машаду «Бразилия байлығы» – Хамелеон

Р.Отарбаев «Әміре» – Иса

Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д Арк» – Граф Гарвик

Е.Шварц «Күлшеқыз» – Шам

Қ.Жүнісов «Сәкен Сұңқар» – Өкіл

А.Чехов «Шие» – Жарас

Р.Отарбаев «Әміре» – Аудармашы

Ұ.Есдәулет «Зере» – Ырғызбай Емші

С.Тұрғынбекұлы «Шәмші» – жеке дауыста орындаушы

У.Шекспир «Отелло» – Кассио

Ф.Бордон «Қардағы көгершіннің ізі» – Баласы

К.Кизи «7+1» – Тэйлор

Р.Куни «Туған күн» – Виктор Джонсон

И.Кальман «Кабаре жұлдызы» – Бони

Ф.Болонья «Байланыс аясы» – Диего

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Тергеуші

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Фальк

М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Маман

Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Жарқын

 

2016 жылы актер Шах-Мұрат Ордабаев басты рөлдердің бірін сомдаған А.Чеховтың «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінен  «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия  мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан  драма  театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін иеленді. 2017 жылы Челябі қаласында (Ресей)  «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық кіші форм театр фестивалінде және Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестивалінде  театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды. Қоюшы режиссері – Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері  Сергей Потапов.

2018 жылы Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеуге, халық шығармашылығын жетілдіруге, ұлттық мәдениетімізді дамытуға қосқан сүбелі үлесі және салалық кәсіподақ қозғалысындағы белсенді қызметі үшін “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігі атынан  Құрмет грамотасымен марапатталды.

2019 жылы XV «Еуразия» Халықаралық кинофестивалі аясында

«Голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляждау» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Әлемдік кинотуындылардың кейіпкерлерін қазақ тіліне дыбыстау арқылы дубляж саласының дамуына өз үлесін қосып келеді.

«Өзіңнен баста» Голливудтық фильмдерге қазақша дубляж жасау жобасында дубляж режиссері.

«Галактика сақшылары 2», «Өрмекші адам: қайта оралу», «Коконың құпиясы», «Суперотбасы 2», «Ральф интернетке қарсы», «Шақылдақ және төрт патшалық», «Аладдин», «Арыстан патша», «Мұзды өлке 2», «Алға», «Мулан» фильмдерінің дубляж режиссері.

NEXT I Шахмұрат Ордабаев, актер және дубляж режиссері
www.24.kz https://24.kz/kz/telepoject/next/item/396109-next-i-shakhm-rat-ordabaev-akter-zh-ne-dublyazh-rezhisseri

Қазақ дубляжының дамуы қай деңгейде? https://tilmedia.kz/kk/info/682

Шах-Мұраттың шабыты https://www.astana-akshamy.kz/shah-murattyng-shabyty/