Билет сатып алу
Оспанов Жанат Серікұлы

Оспанов Жанат Серікұлы 1987 жылы 22 мамыр айында Алматы облысы, Талғар ауданы, Алмалық ауылында туған.

        2003-2006 жылдары Алматы қалалық Республикалық Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің «Актерлік өнер» мамандығын актер, режиссер, ҚР Халық артисі Б.Омаровтың шеберханасынан оқып бітірді.

2006-2010 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінің актерлік өнер «драма театры және кино актері» бөлімін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Л. Бекназар –Ханинганың шеберханасында бітірді.

2009 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;

2010 – 2011 жылдары  Тараз қаласында  в/ч №28903 бөлімінде әскери борышын  өтеді.

        Студенттік жылдары ойнаған рөлдері: Ш.Айтматов «Жәмилә» – Сейіт, Д.Исабеков «Актриса» – Ерлен, У.Шекспир «Ромео-Джульетта» – Ромео, У.Шекспир «Асауға -тұсау»-Петручио П.Мериме «Кармен» – Хоссе,  У.Шекспир «Отелла» – Яго, «Федра» – Иполит,  М.Әуезов «Қанды азу» – Ақ азу, М.Әуезов  «Қарақыпшақ  Қобыланды» – Қобыланды, «Чарлидің әпкесі» – Джек.

         Театр сахнасындағы рөлдері:

М.Әуезов «Абай» – Әбіш

У.Шекспир «Гамлет» – Лаэрт

Д.Рамазан «Кенесары – Күнімжан» – Наурызбай

Е.Жуасбек «Үйлену» – Бөлек

Е.Жуасбек «Сен үшін» – Жігіт

Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Дарын

Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Қыздар-ай» – Сұлтан

Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Тас тұяқ

Қ.Жиенбай «Таңғажайып  планета» – Жасарал

Ә.Тарази «Үкілі жұлдыз» – Рустик

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Жолбарыс сұлтан

Қ.Жүнісов «Сәкен-Сұңқар» – Егор

М.Байжиев «Тіл табысқандар» – Асқар Ақмолдаев

С.Мұқанов, Ш.Уалиханов «Шоқан» – жас Шоқан

Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д Арк» – Ладвеню

С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» – Ыспандияр

Р.Отарбаев «Көлеңкесіз  жолаушы» – Жалғас

О.Жанайдаров «Жұт» – Ахмет

М.К.Машаду «Бразилия  байлығы» – Гаспар

Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы» – Данияр

Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?» – Жанат

Ә.Файзуллаұлы «Алтын Адам» – Азат

М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Жүніс

Е.Шварц «Күлшеқыз» – Ханзада

Р.Отарбаев «Әміре» – Тергеуші

Халық ертегісі «Ер Төстік» – Төбет

М.Әузов «Қорғансыздың  күні» – Жарық

Ұ.Есдәулет «Зере» – Абай

К.Кизи «7+1» – Билли

У.Шекспир «Отелло» – Кассио

Ф.Болонья «Байланыс аясы…» – Джулио

Н.Гәнжәуи «Ләйлі-Мәжнүн» – Ибн-Сәләм

А.Вампилов «Ақ жауын» – Жеңіс Бейсекенов

Р.Куни «Туған күн» – Слейтон

Ф.Болонья «Байланыс аясы» – Джулио

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Сүйіндік

Р.Мұқанова «Бопай  ханым» – Нұрәлі хан

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Қабылқожа, Көш

М.Сервантес «Дон Кихот»

 

Шығармашылық  байланыста  жұмыс істеген режиссерлер: Қазақстанның Халық артисі, профессор Талғат Теменов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай, Башқұртстанның еңбек сіңірген қайраткері Айрат Абушахманов, Режиссер Жұлдызбек Жұманбай, Орта Азия елдері арасындағы танымал режиссер Барзу Абдураззаков, Жұлдызбек Жұманбай, Фархат Молдағали, Әлібек Өмірбекұлы.

 

Марапаттары: 2014 жылы  «Өз актеріңді таны» атты  27 наурыз Халықаралық театр күні мерекесіне орай өткізілген  «Өз актеріңді таны» атты акцияда «Үздік  актер» номинациясын жеңіп алды.

2017 жылы 27 наурыз Халықаралық театр күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімі атынан Алғыс хатпен марапатталды.

2018 жылы Т.Жүргеновтің 120 жылдығына арналған Орталық Азия елдерінің VII Халықаралық театр фестивалінде М.Әуезов «Қорғансыздың күні» спектаклінде Жарық рөлі үшін «Дебют» номинациясымен марапатталды.

2018 жылы Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды.

«Сахнагер – 2018» Ұлттық сыйлығы «Үміт» номинациясының иегері;

 

Қазақ  кино  өнеріндегі  еңбектері:

Е.Рүстембековтың «Алтын ұя» көпсериялы фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады.