Садықов Қайыржан Бауыржанұлы
Актер
Садықов Қайыржан Бауыржанұлы 1999 жылы 1 наурыз күні Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келді.
2005-2016 жылдары 14-орта мектеп гимназиясында білім алды.
2016-2020 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша Қазақстанның Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасында тәлім алды.
2019 – 2021 жылдары Алматы қаласындағы Бәйтен Омаров атындағы Жас сахна театрында актер қызметін атқарды. Осы жылдары А.Дударевтің «Ким» спектаклінде Каралев, Н.Думбадзе «Я бабушка Илика, Иларион и собака мурада спектаклінде Ромуль рөлін сомдады.
2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері.
Театр сахнасындағы рөлдері: Р.Мұқанова «Бопай ханым» — Жас Әбілқайыр, М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Әлібек тобындағы жігіт, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш, А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Гарри, М.Сервантес «Дон Кихот», Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Айдар.