Билет сатып алу
Серкебаева Алтынгүл Ерболқызы

Серкебаева Алтынгүл Ерболқызы 1990 жылы 2 қарашада Қарағанды облысы, Ағадыр ауылында дүниеге келген.

2006 – 2010 жылдары  Жезқазған қаласындағы музыкалық колледжде, халық аспаптар бөлімінде «Қыл-қобыз» сыныбын үздік бітірген.

2010 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Актер шеберлігі және режиссура» кафердасына түсіп, «Драма театр және кино актеры» мамандығын бітіріп шыққан.

2007-2010 жылдар аралығында Жезқазған қаласындағы С. Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театрында актриса болып қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса болып қызмет атқарып келеді.

Театр сахнасындағы рөлдері:

С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» – Ләтипажан

М.Байжиев «Тіл табысқандар» – Дездемона

М.Байжиев «Жекпе-жек» – Нази

Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Тоғжан

Р.Отарбаев «Әміре» – Дәрігер

М.Машаду «Бразилия байлығы» – Люсия

В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Сашенька

М.Әуезов, Қ. Ысқақ «Қараш-қараш» – Тоқал

О.Жанайдаров «Жұт» – Даяшы

А. Чехов «Шие» – Дарияш

Р.Мұқанова «Сарра» – Бикеш

Е.Шварц «Күлше қыз» – Марианна

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Ғазиза

Ұ.Есдәулет «Зере» – Жәлменкүл

У.Шекспир «Отелло» – Бианка

К.Кизи «7+1» – Кенди

Р.Куни «Туған күн» – Бетти Джонсон

Н.Гәнжәуи «Ләйлі-Мәжнүн» – Ләйлі

И.Кальман «Кабаре Жұлдызы» – Стасси

Ф.Болонья «Байланыс аясы…» – Бьянка

 

Марапаттары: 2016 жылы актриса Серкебаева Алтынгүл Дарияш рөлін сомдаған А.Чеховтың «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінен  «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия  мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан  драма  театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін ұтып алды. 2017 жылы Челябі қаласында (Ресей)   «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық кіші форм театр фестиваліне, Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне  қатысып, театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды. Қоюшы режиссері – Якутиядан арнайы  шақыртылған  танымал  театр және кино режиссері, Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері  Сергей Потапов.

Алтынгүл Серкебаева Бикеш рөлін сомдайтын Р.Мұқанованың «Сарра» драмасы 2019 жылы «CHELOVEK ТЕАТРА» VIІ Халықаралық театр фестиваліне қатысып, халықаралық театр сарапшыларының жоғары бағасын алды.

2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы дипломымен марапатталды.

2019 жылы «Театр және кино» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты атанды.