Билет сатып алу
Серіков Әбілмансұр Абдунасырұлы

Серіков Әбілмансұр Абдунасырұлы 1991 жылы 7 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

1998 жылы М. Әуезов атындағы №128 мектеп табалдырығын аттап, 2009 жылы №142 орта мектепті тәмамдаған.

2009-2013 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, белгілі театр және кино актрисасы, профессор Машурова Рахилям Абдрахманқызының шеберханасына оқуға түсіп,  «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша тәлім алған.

Төртінші сынып оқып жүргеннен бастап, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер және балалар театрына шақырту алып, өнердегі алғашқы еңбек жолын бастаған. Сахнадағы бастапқы рөлі драматург М. Қабанбайдың «Жиһангез Тити» ертегісіндегі  бас кейіпкер – Тити. Кино өнеріне алтыншы сынып оқып жүргеннен бастап түсе бастады.

2013 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер және балалар театрына толыққанды маман ретінде жұмысқа қабылданды.

2015 жылы бастап Нұр-Сұлтан қаласы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына шақырту алып, еңбек жолын елорда сахнасында жалғастырып келеді.

Театр сахнасындағы рөлдері:

В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Пернебек (Петр), Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы…» – Садық; Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Ілияс; У.Шекспир «Отелло» – Родриго; А.Вампилов «Ақ жауын» –  Ромео-Рамазан; Ф.Болонья «Байланыс аясы» –  Козимо; М.Әуезов «Абай» – Мес; М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-Қараш» – Содар;

 

Кино саласындағы рөлдері:

–  «Шолпанның күнәсі» (реж. Б. Шәріпов) 2005 ж.;

–  «Ангелочек» сериал (реж. А. Альпиев, Э. Гильман) 2008 ж.;

–  «Біржан сал» (реж. Д.Жолжақсынов) 2009 ж.;

–  «Балалық шағымның аспаны» (Р. Әбдірашов) – Елбасы, 2011 ж.;

–  «Жаужүрек мың бала» (реж.: А. Сатаев) – Қасымның баскесерлері,

2011 ж.;

–  «Вопреки всему» сериал (реж.: А. Сахаманов) – Рүстем, 2014 ж.;

–  «Одноклассники: Комок» сериал, 2014 ж.;

–  «Сұрбойдақ» сериал (реж.: А. Ұзабаев) 2014 ж.;

–  «Жедел жәрдем 2» сериал (реж.: С.Смағұл) 2014 ж.;

–  «Ұлжан» сериал (реж.: С. Смағұл) 2014 ж.;

–  «Несломленный» сериал (реж.: В. Восгиморукиан) – Дос 2015 ж.;

–  «Кеңесшілер» сериал (реж.: Қ. Мұстафин, Р. Қосай) – Арман, 2015 ж.;

–  «Махаббат көктемі» (реж.: К. Абылов) 2015 ж.;

–  «Жібек» сериал (реж.: А. Сахаманов, Н. Әлмұрат) – Мирас 2015 ж.;

–  «Таңдау» сериал (реж.: А. Сахаманов, Н. Әлмұрат) – Алдияр 2015 ж.;

–  «Сүйе білсең» сериал (реж.: Е. Нұрғалиев) – Бауыржан 2016 ж.

– «5:32» web сериал – Шалқар; Режиссер: Ә.Утев (2020-2021 ж)

  • «Дос-Мұқасан» көркем фильмі – Жарас; Режиссер: Айдын Сахаман 2021 ж;

– «Игрок»  web сериал – Данияр; Режиссер: Д.Бертис  (2022 ж)

  • «Ауыл мұғалімі» т/х – Данияр; 2022 ж;

Марапаттар:

  • 2015 жылы Мәскеу қаласында өткен «Золотой Витязь – 2015»

Халықаралық театр форумында «Тыраулап ұшқан тырналар» спектакліндегі Пернебек рөлі үшін «Алтын диплом» иегері атанды.

  • 2017 жылы Қазақстан Театрлар Ассоциациясы тағайындаған «Сахнагер

2017» Тұңғыш ұлттық сыйлығының «Үміт» аталымы бойынша  марапатталды.

  • 2018 жылы өткен «Айтматов және театр» халықаралық

фестивалінде «Қызыл орамалды шынарым» спектакліндегі Ілияс рөлі үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды. /Қырғызстан, Бішкек/

  • 2019 жылы мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін «ҚР

Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» сыйлығының иегері атанды.

  • 2020 жылы «Театр және кино» номинациясы бойынша ҚР Үкіметінің

«Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты атанды.

  • 2022 жылы Әбілмансұр Серіков басты рөлді сомдаған «Игрок»

(«Ойыншы») веб-сериалы Лондонда өтетін Халықаралық фестивальде Best Short Film «Үздік қысқаметражды фильм» номинациясына ұсынылды.