Билет сатып алу
Смағұлов Асылболат  Кәкенұлы

Смағұлов  Асылболат  Кәкенұлы – 1951 жылы 18 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысы, Бостандық ауылында дүниеге келген.

1968 жылы Қызылжар қаласындағы №2 қазақ мектеп-интернатын бітіріп, 1969 жылы  Алматы қаласы Құрманғазы атындағы өнер институтының театр бөлімінде,  Қазақстанның Халық артисі Хадиша Бөкееваның шеберханасына қабылданып, 1973 жылы театр актері мамандығын алып шықты.

1973–1998 жылдары С.Қожамқұлов атындағы Торғай облыстық қазақ музыкалық драма театрының актері болып атқарған:

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Бекежан.

М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Әлібек

М.Әуезов «Қарагөз» – Сырым

М:Әуезов «Еңлік-Кебек» – Кебек

«Сәкен Сейфуллин» – Сәкен

«Махамбет» – Махамбет

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – Жантық, Қозы

«Адам аласы ішінде» – Глумов

«Тосқауыл» – Бушлай

«Роме мен Джулеьетта» – Ромео сияқты т.б. кейіпкерлер жан дүниесін зерттеудегі актерлік табыс өте қомақты шықты. Актерлік палитрасы көп бояулы, айтары, меңзері мол нақышты сан қырлы сахна шеберінің ішкі сарайы сырға толы. Рөл жасаудың негізгі құпияларын өмірдің өзінен сарыла іздейтін жаны нәзік суркеткердің жасампаз тәсілдері өзгеше сабақ.

1987 жылы «Қыз Жібек» спектакліндегі Бекежан рөлі үшін «ҚР еңбек сіңірген әртісі» атағына ие болған. Тбилисиде өткен халықаралық жастар театрлары фестивалінің  дипломанты атанған. Орта Азия мен Қазақстан театрларының халықаралық байқауының  Гран-приін жеңіп алған.  «Апиын», «Ұмытпа мені», «Көшпенділер», «Біржан сал», «Елім-ай» «Қазақ хандығы» фильмдерінде басты және қосалқы рөлдерді бейнелеген. Белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай «Мұзбалақ қарақшы, қаражүрек кәззап Бекежанды сәл-пәл сүйкімділікке сүйрелеген, оның сұсты жүзіне аз-кем қан жүгірткен алаш актері Асылболат Смағұлов болды» десе,Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісов «Қыз Жібектегі» «Асылболат-Бекежан» – қазақ театры сахнасындағы үлкен құбылыс» екенін атап көрсеткен.

1998-1999 жылдарыелордадағы Мәдениет басқармасының бас маманы болды.

1999 – 2005 жылдары Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актері.

Ақындық, сазгерлік, әншілік,  мүсіншілік, суретшілік қабілеттеріне орай

2005 жылдан жеке шығармашылықпен айналысады. «Уақыт», «Ана», «Шырмауық, жалған дүние», «Асау күрең», «Қалыңдық» тағы басқа картиналары  мен Қорқыт, Ақан Сері, Баян Сұлу, Қыз Жібек, Бекежан портреттері А.Смағұловтың жеке көрмесінде көрсетілді.

Фильмография

1991 — «Апиын» – Капитан, реж. Тұран Дүйсебаев.

1993 — «Ұмыт мені» («Әбілқайыр хан») ,- Әбілқайыр хан,реж. Виктор Пұсырманов.

2006 — «Көшпенділер», реж. Сергей Бодров, ТалғатТеменов, АйвенПассер.

2009 — «Біржан сал», реж. Досхан ЖолжақсыновРымбекӘлпиев.

2009 — «Лавэ», реж. Әнуар Райбаев.

2011 — «Менің күнәлі періштем», реж.ТалғатТеменов.

2020 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері.

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Би

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Шәкей, Көш.