Рус Қаз Eng

Сәрсен Бейбарыс Берікұлы

Актер

Бейбарыс Берікұлы — 2003 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген.

2020-2024 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Өнер университетінде «Драма театр және кино артисі» мамандығы бойынша Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамовтың шеберханасында білім алды.

2023 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының актері болып жұмыс істейді.

Оқу театры сахнасындағы рөлдері:

  • Т. Әбдік «Оң қол» — Дәрігер

  • А. Володдин «Қоштасқым келмейді» — Митя

  • Ш. Айтматов «Жәмилә» — Данияр

  • Ғ. Мүсірепов «Ақан сері — Ақтоқты» — Ақан Сері

  • У. Шекспир «Гамлет» — Клавдий

  • Ш. Айтматов «Ақ кеме» — Бала

  • М. Әуезов «Қарагөз» — Сырым

  • П. Мериме «Кармен» — Хосе

Театр сахнасындағы рөлдері:

  • «Фигароның үйленуі» — Керубино

  • «Әйел құпиясы» — Умберто

  • «Шеңбер» — баскесер Геллий

  • «Алтайдан ауған ел» — Көш

  • «Күзгі соната» — Виктор

  • «Бала Мерген» — Жендет

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?