Билет сатып алу
Танабаева Ақмарал Нұрайқызы

Танабаева Ақмарал Нұрайқызы  1993 жылы Ақмола қаласында дүниеге келген. 2010-2014 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Қазақ ұлттық Өнер Университетінің «Актер өнері» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Бекназар – Ханинга Лейло Ақназарқызынан дәріс алған.

Алғашқы өнердегі жолын 2012 жылы ақпан айында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында бастады. Театр сахнасындағы рөлдері:

Ғ.Мүсіреповтің «Ақан Сері -Ақтоқты» – Ақтоқты

К.Байсейітова «Беу, қыздар-ай» – Жансұлу

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Топыш сұлу

Б.Ұзақов «Үміт» – Әлия

Ж.Шевре «Ізгілік формуласы» – Кристина

С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» -Айләззат

М.Әуезов «Абай» – Мағыш

М. Байжиев «Тіл табысқандар» -Дездемона

У. Шекспир «Гамлет» – Офелия

В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Инга

Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы…»  – Жәмилә

А.Чехов «Шие» – Шие ханым (Раневская)

Е.Шварц «Күлшеқыз» – Күлшеқыз

С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» – Муза

О. Жанайдаров «Жұт» – Лена

Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Әсел

У.Шекспир «Отелло» – Дездемона

Ф.Болонья «Байланыс аясы» – Ева

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Жас Бопай

М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Айман-Шолпан тобында

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш

 

Фильмдегі рөлдері: телесериал: «Алтын ұя» – Кәмшат (реж. Е.Рүстембеков), көркем фильм: «Ақжол» – Махаббат (реж. Ф.Шарипов), қысқаметрлі фильм: «В поисках потерянной мечты» – Эля.

 

Марапаттары:

2014 жылы театр әкімшілігі атынан «Ең жас қызметкер» номинациясымен марапатталды.

        2015 жылы Қазақстан Театр қайраткерлері одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.

        2015 жылы 27 наурыз Халықаралық театр мерекесіне орай көрермендер арасында өткізілген «Өз актеріңді таны!» атты акциясының қорытындысы бойынша «Үміт» номинациясын жеңіп алды.

2015 жылы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында өткен XIII  Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумында «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық  драмасындағы Инга рөлі үшін «Золотой Витязьдің» Алтын дипломанты атанды.

2016 жылы актриса Ақмарал Танабаева басты рөлді ойнаған А.Чеховтың «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінен  «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия  мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан  драма  театрларының фестивалінен Гран-При жүлдесін иеленді.

2017 жылы Челябі қаласында (Ресей)  «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық кіші форм театр фестивалінде және Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестивалінде  театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды. Қоюшы режиссері – Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері  Сергей Потапов.

2017 жылы 27 наурыз Халықаралық театр күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

2017 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Кеңес Нұрланов атындағы сыйлық иегері атанды.

2018 жылы Ақмарал Танабаева басты рөл Дездемона бейнесін сомдаған «Отелло» спектаклі «Золотой Витязь» XVI Халықаралық театр форумында «Гран-При» жүлдесіне ие болды.

2019 жылы ұлттық мәдениетімізді дамытуға қосқан сүбелі үлесі және кәсіподақ ұйымындағы белсенді қызметі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі мен Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

2021 жылы «Театр және кино» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты атанды.