Билет сатып алу
Қалила Бегімнұр Қалилақызы

Қалила Бегімнұр Қалилақызы  1994 жылы 22 қаңтар күні Қызылорда

облысы,  Қазалы ауданы,  Ақтан Батыр ауылында дүниеге келген.

2000 – 2008 жылдары аралығында Шымкент қаласы Т.Рысқұлов атындағы мектеп гимназиясында оқып, 2008-2011 жылдары аралығында Нұр-Сұлтан қаласы 53 мектеп-лицейін  оқып бітірді.

2011 – 2015 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде  «музыкалық драма әртісі» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Ә.Оразбеков шеберханасында тәлім алды.

2015 – 2016 жылдары Өскемен қаласы «Жастар» театрында қызмет атқарды. Аталмыш театр сахнасында сомдаған рөлдері: К.Людвик «Жұлдызды сәт» – Диана, М.Қасенов «Пай-пай,  жас жұбайлар-ай» – Зәуре, «Сүйіңдерші, адамдар» – Жас қыз, М.Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек» – Сағила. Осы жылдары “Бөрілер” қойылымымен Корея Республикасының Сеул қаласында өткен Жастар фестиваліне қатысты.

 

2016 – 2020 жылдары Нұр-сұлтан қаласы «Astana musical» театрында қызмет атқарып, У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Леди Монтекки, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Қамқа, «Шаңырақ» – Ана рөлдерін сомдап, «Достар серті», «Астана, махаббатым менің” мюзиклдеріне қатысты.
«Astana musical» театры ұжымымен   Франция (Париж, Канны, Марсель), Вена (Австрия), Белгия (Брюссель), Россия (Москва), Туркия (Стамбул) елдерінде гастрольдік сапармен өнер көрсетті.

2021 жылдан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы  мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса болып қызметке кірді.

Театр сахнасындағы рөлдері: У.Шекспир «Отелло» – Бьянка, М.Әуезов«Айман – Шолпан» – Айман, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Мүлия, М.Сервантес «Дон Кихот» – Жиен қарындас, А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Жас Дорис, Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Таңсық;