Билет сатып алу
Құрмашева Ақжан Қанатқызы

 Құрмашева Ақжан Қанатқызы 1997 жылы 15 мамырда ШҚО, Аягөз ауданында дүниеге келді.

2015-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Театр, кино және ТВ» факультетінің «Музыкалық театр әртісі» мамандығын  тәмамдады.

2019 жылдан бастап, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында драма әртісі қызметін атқарып келеді.

Театрда сахнасындағы рөлдері:

И.Кальман «Кабаре жұлдызы» музыкалық комедиясы – Сильва. Режиссеры: Н.Жұманиязов

Ф.Болонья «Байланыс аясы» драмасы – Софи. Режиссеры: Ә.Оразбеков

А.Вампилов «Ақ жауын» комедиясы – Назым. Режиссеры: Т.Теменов

У.Шекспир «Отелло» трагедиясы – Көлеңке. Режиссеры: Т.Теменов

М.Әуезов «Абай» трагедиясы – Мағыш. Режиссеры: Ә.Оразбеков

О.Бөкей «Ұйқым келмейді» драмасы – Бақыт. Режиссеры: Б.Сұлтанғазы

И.Штраус «Жарқанат» музыкалық комедиясы – Розалинда.   Режиссеры: Н.Жұманиязов

М.Әуезов «Айман – Шолпан» музыкалық комедиясы – Айман. Режиссерлері: О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина