Билет сатып алу
Әбенова Айдана Сәлімкерейқызы

Әбенова  Айдана  Сәлімкерейқызы

Актриса

     Әбенова Айдана Сәлімкерейқызы 1996 жылы 23 шілде күні Қостанай обылысы Амангелді ауылында дүниеге келген. 

    2012-2016 жылдары Көкшетау қаласы, Ақан Сері атындағы Мәдениет колледжінің «Актер өнері» мамандығын бітірген. 

   2016-2020 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетін «Актерлік өнер» мамандығы бойынша үздік аяқтады.

    2020 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына актриса болып қызметке кірді. 

    Театр сахнасындағы рөлдері:

М.Әуезов «Абай» – Ажар. Режиссер – Ә.Оразбеков.

О.Бөкей «Ұйқым келмейді» – Бақыт. Режиссер – Б.Сұлтанғазы.

М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Айман, Шолпан тобындағы қыз. Режиссер – О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина.

К.Кизи «7+1» – Кенди

Ф.Болонья «Байланыс аясы» – София

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш

М.Сервантес «Дон Кихот» – Жиен қарындас

Е.Жуасбек «Үйлену» – Зерек

     Фильмдегі бейнелері: «Ничего личного» (реж. Ф. Кудрявцев, 2017) – Эпизод; «Үзілмес үміт» (реж. Е. Нұрмухамедов, 2018 – Эпизод;  «Часть меня» қысқаметрлі кинокартинасы (Реж. Т. Ердавлетов, 2018) – Муза; «Тайны. Судьбы. Имена» (2019) атты телевизиялық бағдарламада дарынды ғалым-тарихшы, үздік әскери-медициналық қызметкер Санжар Асфендияровқа арналған деректі фильмде жұбайы Рабиға бейнесін сомдап, Хабар телеарнасының арнайы Алғыс хатымен марапатталды. «Жолайрық» телесериалы (реж. Е. Нұрмухамедов, А. Аменов, 2020) – Мадина есімді басты кейіпкер. 

      2022 жылы актриса Айдана Әбенова басты рөлдердің бірін сомдайтын «Ұйқым келмейді» /Авт: О.Бөкей  Реж: Б.Сұлтанғазы/ спектаклі                                 V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне шақырту алып, театр сарапшыларының назарына ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша жас  режиссер Б.Сұлтанғазы «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.