Билет сатып алу
Әбенова Инабат

1994 жылы 2 наурызда Қостанай облысы Аманкелді ауылында дүниеге келген.

2009-2013 жылдары Көкшетау қаласындағы «Ақан сері» атындағы мәдениет колледжінің «Актер өнері» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері А.Оспановадан дәріс алды.

2013-2017 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актер өнері» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақыш Омардың шеберханасында оқыды.

Алғашқы өнердегі жолын 2016 жылы наурыз айында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Аққудың көз жасы…» лирикалық драмасында  Бегімай рөлін сомдаумен бастаған.Авторы – Ш.Айтматов. Режиссері – Қазақстанның Халық артисі Т.Теменов.

Театр сахнасындағы рөлдері:

Ш.Айтматов Аққудың көз жасы…» – Бегімай

А.Чехов «Шие» – Алма

У.Шекспир «Отелло» – Дездемона

Р.Куни «Туған күн» – Джейн

К.Кизи «7+1» – Медбике

М.Әуезов «Абай» – Мағыш

Е.Шварц «Күлшеқыз» – Күлшеқыз

Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – Рушана

Ф.Болонья «Байланыс аясы» – Бьянка

М.Машаду «Бразилия байлығы» – Мияу қыз

Ж.Құлмамбет «Сен екеуміз» – Қыз

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Ғазиза

Н.Гәнжәуи «Ләйлі – Мәжнүн» – Ләйлі

Ф.Оңғарсынова «Сенің махаббатың» – жас Фариза

М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Айман-Шолпан тобында

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Зейнеп

М.Сервантес «Дон Кихот» – Қызметші, Дон Кихот.

 

Дубляж саласындағы рөлдері: «Ральф интернетке қарсы», «Супер отбасы», «Головоломка», «Элиф», «Жазмыш», «Детектиф ханым», т.б.

Марапаттары:

«Шабыт» XX Халықаралық шығармашылық жастар – фестивалінде «Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша Лауреат атанған.

Инабат Әбенова Ләйлі бейнесін сомдаған «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклі /Авт:Н.Гәнжәуи Реж: Б.Абдураззаков/ 2019 жылы Семей қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXVII Республикалық фестивалі және «Samgau» VII Халықаралық театр фестивалі аясында көрсетіліп, фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды. 2021 жылы Қазан қаласында өткен түркі халықтарының XV «Наурыз» халықаралық театр фестивалінде (online)  көрсетіліп,  халықаралық театр сарапшыларының жоғары бағасын алды. Спектакль Халықаралық театр сыншылары бірлестігі бекіткен «Сыншылар жүлдесімен» марапатталды.

2019 жылы елорда мәдениеті мен руханиятын дамытуға және елдік мұраттар мен халқымыздың мәдени құндылықтарын насихаттауға қосқан еселі еңбегі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі атынан Алғыс хатпен марапатталды.

2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат тқызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2021 жылы «ТЕАТР ALL Nur-Sultan theatre week» театр фестивалі аясында «Жаңа есім» номинациясымен марапатталды.