Рус Қаз Eng

Cарыбай Берік

Халық аспаптар ансамблінің дирижёры

Сарыбай Берік – дирижёр, музыкант.
1993 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.
Музыкалық білімін 2005 жылы балалар музыка мектебіне баян сыныбы бойынша оқуға түсуден бастады. 2009 жылы балалар музыка мектебін тәмамдады.
2010 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжіне (оқытушысы — А. Ф. Буркин) оқуға қабылданды. Оқу барысында өзін қабілетті, мақсаткер әрі тәртіпті студент ретінде көрсете білді.
Негізгі мамандығы — баянмен қатар дирижёрлықпен белсенді түрде айналысып, оркестрмен сенімді жұмыс істеді. III курстың соңында «Дирижёрлық» пәні бойынша емтиханда «өте жақсы» баға алып, «Композиция және оркестрлік-сахналық дирижёрлау» пәндік-циклдік комиссиясының шешімімен «Халық аспаптар оркестрінің дирижёры» қосымша біліктілігін алуға ұсынылды.
2014 жылғы ақпан айында берілген өтінім негізінде Ресей Федерациясы, Карелия Республикасы, Петрозаводск қаласында өткен Халық оркестрлері дирижёрлерінің I Ашық конкурсына
(2014 жылғы 17–20 наурыз) қатысуға шақырылып, дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ бірқатар республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдердің қатысушысы болды, олардың қатарында:
— Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» III музыкалық фестиваль байқауы,Астана, 2015 ж.;
— Боздақ Рзаханов атындағы II республикалық конкурста диплом иегері, Ақтау, 2016 ж.;
— Рыспай Ғабдиев атындағы I республикалық конкурста дипломант, Атырау, 2016 ж.
2014 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің опералық-симфониялық дирижёрлау кафедрасына
(аға оқытушы Е. Г. Бейсембаевтың сыныбы) оқуға түсті. Оқу кезеңінде университеттің студенттік симфониялық оркестрінде тағылымдамадан өтті.
2018 жылы, университетті тәмамдағаннан кейін, Ақмола облыстық Үкілі Ыбырай атындағы филармонияның симфониялық оркестріне көркемдік жетекші және бас дирижёр қызметіне шақырылды.
2018–2023 жылдар аралығында аталған ұжымның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижёры қызметін атқарды.
2025 жылдан бастап — Қалибек Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалықдрама театрының Қазақ халық аспаптар ансамблінің дирижёры.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?