ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ұжымы баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтайды!
Рамазан – сабыр мен сыйластықтың, мейірім мен игіліктің, рухани тазару мен жаңғырудың айы. Осы қасиетті кезеңде ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, жасаған дұға-тілектеріңіз орындалсын. Әр шаңыраққа амандық, береке мен тыныштық орнасын!
Жүректеріңіз иман мен нұрға толып, өмірлеріңіз қуаныш пен жақсылыққа кенелсін. Қасиетті ай баршаңызға мол сауап, игілік пен рухани күш-қуат әкелсін.
Рамазан айы құтты, берекелі болсын!

