ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Next Designer Award 2026
Театрымыздың киім үлгісінің суретшісі Ақбота Қапсалаңды Visa қолдауымен өткен Next Designer Award байқауының алтыншы маусымының ІІІ-ші орын иеленуімен және алдағы уақытта Ташкент қаласында өз топтамасын ұсыну мүмкіндігіне ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ақбота Қапсалаң сирек кездесетін қара «қандыағаш» бейнесі арқылы табиғаттың, мәдениеттің және адам болмысының нәзіктігі мен осалдығын киім үлгілерімен жеткізе білді. Ағаш қабығының фактурасы, жапырақ сызықтарының пластикасы мен ұстамды түстік палитра – барлығы тұтас ұлттық нақыштағы заманауи коллекцияға жинақталған.
Театр ұжымы атынан Ақбота Қапсалаңды Next Designer Award байқауының алтыншы маусымының жеңімпазы атануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденістің нәтижесі. Жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз!

