Билет сатып алу
Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанқалдыбек Төленбаев Мүфтиұлының “Өнер – өмір өзегім” концерті өтеді

9 қараша күні сағат 17.00-де Қазақтың ақиық ақыны «Мұқағали» бейнесін қазақ театр сахнасында  тұңғыш рет сомдаған, қалың көрерменнің зор ықыласына бөленіп жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанқалдыбек Төленбаев Мүфтиұлының 50 жас мерейтойына арналған «Өнер – өмір өзегім» атты концерті өтеді.

Өнердегі жолы алғаш 1999 жылдың күзінде Қазақ театр сахнасынан Халық Қаһарманы, КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, профессор, ұлы режиссер Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов арнайы театрға шақыруымен басталған. Сол кезеңнен театр сахнасындағы алыс-жақын шетелдік шығармалармен қоса басты рольдерді де асқан шеберлікпен ойнап келеді. Жанқалдыбек Төленбаевтің шығармашылығында сан түрлі бейнелер бар.