Билет сатып алу
БАСПАСӨЗ АНОНС

Сайын даламызды асқақ та жігерлі күйлерімен тербеген ұлы күйші, композитор, дүниежүзілік мәдениеттің аса биік тұлғасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының артистері мен Халық аспаптар ансамблі 11 маусым күні сағат 18.00-де көрермен назарына «ҚҰРМАНҒАЗЫ» концертін ұсынады.

Дирижері – «Мәдениет саласының үздігі» Маралжан Мырзақұлова. Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. Кеште Құрманғазының «Кісен ашқан», «Бозшолақ», «Төремұрат»,  «Қуаныш», «Қызыл қайың», «Серпер», «Кедей зары», «Саранжап», «Қайран шешем», «Адай», «Амандасар», «Қызыл қайың – Серпер», «Көк ала ат»,
«Жима», «Теріс қақпай», «Арба соққан», «Байжұма», «Бұлбұл»,«Кішкентай», «Сарыарқа» т.б күйлері орындалады.

Күй – ұлтымыздың ғасырлар бойы үзілмеген үні…Күй – халқымыздың дәуірлер бойы сарқылмаған сөзі…Ал, Құрманғазының күйлері – ұлы даламыз дүниеге әкелген көркем құндылықтардың шыңы. Қазақ үшін күй мен Құрманғазы – бір-бірімен астасып кеткен ұғым.

 

Абайға Мұхтар барып ұя салды…

Шоқанға Әлікей барып ұя салды…

Құрекең қара аспанға сыймаған соң,

Ахмет оркестрге құя салды…

Өтежан Нұрғалиев

Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru
+7 705 9902595 (whatsapp)