Рус Қаз Eng

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

14.05.2025

            QALLEKI  ТЕАТР  ЛАБОРАТОРИЯСЫ

«ШЕҢБЕР»  ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ  ПРЕМЬЕРАСЫН  ҰСЫНАДЫ

 Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Qalleki театр лабораториясы 2025 жылдың 16-17 мамыр күндері көрермен назарына «Шеңбер» атты қойылымның премьерасын ұсынады.

Қойылым неміс драматургі Бертольт Брехттің «Кавказдағы борлы шеңбер» пьесасының желісімен сахналанған. Қазақ тіліне аударған — Зұлқарнай Сақиұлы. Спектакльдің қоюшы режиссері — Ұлан Қабыл, қоюшы суретші әрі киім суретшісі — Шынар Елембаева.

Спектакльде соғыс кезінде тағдыр тәлкегіне түскен сәбиді құтқарған Груша есімді қарапайым қыздың жанкештілігі баяндалады. Ол өз өмірін қатерге тігіп, бөтен баланы анасындай қорғап қалады. «Шеңбер» — адамгершілік, әділдік және аналық махаббат тақырыптарын көтеретін терең мазмұнды қойылым. Эпикалық драма жанрында сахналанатын бұл туынды көрерменді түрлі сезім мен ойға жетелеп, уақыт пен кеңістіктен тыс адамзаттық құндылықтарды қайта таразылауға мүмкіндік береді.

Спектакльдің актерлік құрамы:  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Боранбай Молдабаев, Мейрам Қайсанов, Гүлбаршын Қылышбай, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері   Аманжол Молдахмет, Қасымхан Бұғыбай, Бақытгүл Батырханова, Дастан Әлімов, актриса  Айман Карпсеитова, Нұрсұлтан Есен, Нұрбек Съезхан, Динара Егубаева, Айкөркем Тұранова, Аяужан Малғаждарова, Ақжан Құрмашева, Қайыржан Садықов, Бибарыс Орман, Марғұлан Наменов, Әли Жарасұлы, Нұрхан Қосанов, Бейбарыс Сәрсенов.

 

Өтетін күні/уақыты: 16 мамыр 19.00

                                       17 мамыр 18.00

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)

 

Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru 

+ 7 705 9902595 (WhatsАpp)

Су ағып құз-қиядан сарқырасын,

Ай нұры су бетінде қалтырасын,

Жұлдыздар жымың қағып, құстар сайрап,

Күн күліп, от лапылдап жарқырасын!

Дүние думан болып жатсын қайнап,

Көргеннің көзін алдап, тілін байлап.

Жерден біз бастайық та, жиһан кезіп,

Көрейік жаһаннамға сапар шегіп.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?