БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

ҚАЛИБЕК ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ КІШКЕНТАЙ КӨРЕРМЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН «ҚҰМҚАЛА» ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІСІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫН ҰСЫНАДЫ
2025 жылдың 6 шілде күні сағат 11.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры кішкентай көрермендерге арналған «Құмқала» атты қиял-ғажайып ертегінің премьерасын ұсынады.
Спектакль «Мыстан кемпірдің жұмбағы» халық ертегісі мен М.Сембайқызының «Уақыт жайлы ертегі» желісі бойынша сахналанған. Сахналық нұсқасының авторы әрі қойылым жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина. Қойылым бойынша кеңесші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмина Миргалиева. Қоюшы суретші – Ерзат Асқаров. Киім суретшісі – Ақбота Қапсалаң.
«Құмқала» ертегісі – бүгінгі ұрпақтың уақытпен қарым-қатынасын бейнелейтін сахналық қойылым. Батыр есімді баланың түс арқылы өткен мен болашақ, ойын мен өмір, жауапкершілік пен таңдау арасындағы саяхаты көрерменге уақыттың қадірін терең сезінуге мүмкіндік береді. Бұл – технологияның тасасында қалып бара жатқан шынайы құндылықтарды еске салатын философиялық ертегі.
Қойылымның актерлік құрамы: Ақжол Мамыр, Нұрахмет Серікбаев, Мәдениет саласының үздігі Аманжол Молдахмет, Мәдениет саласының үздігі Бақытгүл Батырханова, Әли Қалдар, Біржан Жүнісов, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина.
Өтетін күні/уақыты: 6 шілде 11.00
Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru
+ 7 705 9902595 (WhatsАpp)