Рус Қаз Eng

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

27.08.2025

«ЕЛ  МӘРТЕБЕСІ – АТА  ЗАҢ»

ҚР  Конституциясы  күніне  арналған  мерекелік концерт

 

30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының халық аспаптар ансамблі көрермен назарына «Ел мәртебесі – Ата Заң» атты концертін ұсынады. Басталуы – 18.00.

Кеш барысында қазақтың дәстүрлі күйлері мен заманауи композиторлардың шығармалары орындалып, ұлттық музыканың әсем үні көрермен жүрегіне жол табады. Дирижер – Берік Сарыбай. Орындаушылар – Халық аспаптар ансамблі, Мәдениет саласының үздігі, актриса Гауһар Жүсіпова, Әлемгүл Нұрлан, Темірлан Шөкенов, Бекарыс Шалқар, домбырашылар ансамблі және т.б.

Бағдарламада Дайрабайдың күйі «Дайрабай»,  Қ.Ахмедияров «Қосбасар», Н.Әшіров  «Жырқисса», Қ.Құмақайұлы  «Арман», Б.Мақаев  «Ғасырлар үні», С.Бегендікұлы  «Сүгірдің термесі», М.Бердіғұлов  «Дәуір Дастан», Е.Үсенов «Қойлыбайдың сарыны», А.Жайымов  «Шалқыма», Е.Жаңаберген «Сағыныш», Е.Кәкежанов «Шабыт», А.Сұлтанбеков  «Домбыра», Т.Шөкенов «Ғасырлар Әуені», «Рухты ел», Қ.Рахмет «Тұлғаларға туынды»,  «Күй шашу» сынды туындылар орындалады.

 

Өтетін күні/уақыты: 30 тамыз 18.00

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1)

 

 

Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru  

+ 7 705 9902595 (WhatsАpp)

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?