Рус Қаз Eng

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

19.11.2025

ПРЕМЬЕРА! «ROMEO & JULIET» ТУЫНДЫСЫ

АЛҒАШ РЕТ СИНЕМА-ЭПОС ЖАНРЫНДА ҰСЫНЫЛАДЫ

 

Шекспир қойған мәңгі сұрақ:

нәзіктік өшпенділікті жеңе ала ма –

және адамзат сол нәзіктіктің құрбандығына лайық па?

 

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 25-26 қараша күндері Уильям Шекспирдің әйгілі «Romeo & Juliet» спектаклінің премьерасын ұсынады. Туындыны қазақ тіліне аударған – Әбіш Кекілбаев.

Жаңа спектакльді сахналау үшін театрға ресейлік театр және кино режиссері Уланбек Баялиев шақырылды. Режиссер У.Баялиевтің спектакльдері көрерменге ерекше эмоция мен заманауи көркемдік шешімдерді ұсына отырып, классикалық пьесаларды жаңа қырынан ашатын ерекшелігімен танымал.

У.Шекспирдің «Romeo & Juliet» спектаклі көрермен назарына синема-эпос жанрында ұсынылады. Синема-эпос – көркемдік визуализация мен эпикалық театрлық шешімді біріктіретін ерекше жанр.

Қоюшы суретшіҚанат Мақсұтов. Кейіпкерлердің киім үлгілері  JADO сән үйі мен театрдың коллаборациясы негізінде жасалды. Белгілі дизайнер Жадыра Сахиева мен театрдың жас суретшісі Ақбота Қапсалаңның бірлескен жұмысы спектакльге ерекше көркемдік мән береді.

Музыкамен көркемдеген Theatre Avenue бэнді. Бэнд жетекшісі – Олжас Дәлелхан. Хореограф Салтанат Сұңғат. Сахна сайысын қойғанБекзат Бағытжанов. Дыбыс режиссеріЕрмахан Мұхтаров, Ұлан Ерланұлы. Саунд-дизайн Theatre Avenue бэнді. Жарық қою бойынша суретші Арсений Макаров, жарық қою бойынша суретшінің ассистенті Азамат Бекбембетов. Бейнеоператор Жанар Төлеген, Әлім Махамбетов.

Ромеоны екі құрамда театрдың жас артистері Бибарыс Орман мен Ақжол Мамыр сомдайды. Джульетта – Ситора Анварова, Саида Сағынова.

Сонымен қатар, спектакльде танымал театр және кино артистері Ержан Нұрымбет, Алтынай Нөгербек, Қуандық Қыстықбай, Нұркен Өтеуіл, Сая Тоқманғалиева, Самат Байыров, Ботагөз Мақсұтова, Қобыланды Болат, Әнуар Бектас, Ұлан Қабыл, Марғұлан Наменов, Нұрия Бөкенбаева, Нұрхан Қосанов, Бекарыс Шалқар, Бейбарыс Сәрсен, Сағыныш Нұрхайдарова, Динара Егубаева, Ақмарал Танабаева, Айнұр Жетпісбаева, Бәзіл Сұлтанғазы және Әли Қалдар ерекше рөл атқарады.

 

 

 

 

Өтетін күні/уақыты: 25-26 қараша, 19.00

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қ, Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1)

 

Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru 

                                                                          + 7 705 9902595 (WhatsАpp)

 

 

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?