1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір шаңырақтың астында 130дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын. Еліміз бейбітшілік пен келісім арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бірлік пен ынтымақтың, бейбітшілік пен тұрақтылықтың тұғырын бекіту – Қазақстанның әрбір азаматының басты міндеті.
Барша отандастарымызды бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, берекеміз бұзылмасын! Еліміз өркендеп, бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбіршілігі нығая берсін!