Қ.Қуанышбаев театрының әдебиет бөлімінің қызметкері, театртанушы, өнертану магистрі Алпысбаева Ләззат Қайратқызын “Әкім Таразидің драматургиядағы белестері” атты кітабының тұсаукесерімен құттықтаймыз!
«Әкім Тарази драматургиясының қалыптасуы мен дамуы» және «Әкім Тарази драматургиясының кемелдену жылдары» деп аталатын екі тараудан тұратын монографияда қазақ драматургиясының дамуына сүбелі үлес қосқан жазушы-драматургтің «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Қос боздақ», «Лайнер», «Хаңтәңірі», «Індет», «Күнә», «Люстра», «Ақын, періште, махаббат», «Қыз махаббаты», «Махамбет», «Муза» сынды он үш пьесасына театртанушылық талдау жүргізілген.
Кітаптың тұсаукесерінде Әкім Таразидың драматургиясымен қазақ театрларында сахналанған спектакльдерде актер ретінде өнер көрсеткен сахнагерлер, Тарази туындыларын қойған режиссерлер, қазақ өнері мен мәдениетінің қайраткер-тұлғалары қатысып, ой-пікірі мен естеліктерімен бөлісті.