Елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі басталды. Ол 14-23 наурыз аралығында өтеді. Онкүндіктің әр күні еліміздің мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналады. «Наурызнама» халықтың тұрмыс-тіршілігі көрінетін барлық салалны қамтиды. Мәселен, қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін ұйымдастырылмақ.
«Наурызнама» тұжырымдамасы аясында Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау онкүндігінің алғашқы күні «Көрісу күні – Амал мерекесінен» бастау алады.
Наурызнама онкүндігі:
14 наурыз күні – Көрісу күні – Амал мерекесі тойланады
15 наурыз – Қайырымдылық күні
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
17 наурыз – Шаңырақ күні
18 наурыз – Ұлттық киім күні
19 наурыз – Жаңару күні
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
21 наурыз – Ынтымақ күні
22 наурыз – Жыл басы
Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды қарсы алудың символы ретінде 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.