ҚАЗАНАМА!
Қазақ өнерінің саңлағы, ұлт руханиятының ұлы тұлғасы – КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр мен кинодағы қайталанбас бейнесі, профессор Асанәлі Әшімұлы 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Асанәлі Әшімұлы Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада дүниеге келген. КСРО және Қазақстанның кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Саналы ғұмырын театр мен киноға арнап, ұлттың рухани дүниетанымын, мінезі мен болмысын өнер тілімен өрнектеген бірегей суреткер болды.
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ұжымы ұлы тұлғаның отбасы мен жақындарына, барша қазақ өнері қауымына қайғырып көңіл айтады.
Жаныңыз жәннатта, орныңыз пейіште шалқысын, аса қадірлі Асанәлі аға.

