«Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театры» РМҚК ғимаратында театр басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар өтті.
2025 жылғы 17 желтоқсанда Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театры» РМҚК ғимаратында театр басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сұрақтар талқыланып, тақырыпқа қатысты бейнероликтер мен слайдтық материалдар тамашаланды.
Семинарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының маманы Айтуева Ақерке Кенжебайқызы жүргізді.

