2024 жылғы кинофестивальдің қорытындысы бойынша Қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» (2024) фильмі 26-шы Шанхай халықаралық кинофестивалінде (SIFF) үздік картина деп танылды.
Бүгін Шанхай қаласында өткен «Алтын кубок» марапаттау рәсімінде фильмнің басты рөлінде ойнаған театрымыздың актрисасы Амира Омар «Зылиха» рөлімен «Үздік әйел рөлі» номинациясына ие болды!🏆
Фильм өткен ғасырдың 20-жылдары қазақ даласында өрбиді. Фильмде бұзылған отбасы және сол кезде ажырасқан әйелдің қиын тағдыры баяндалады.
Шанхай халықаралық кинофестивалі 1993 жылдан бері өткізіліп келеді.
Сондай-ақ аталмыш фильмде негізгі рөлдің бірі Даметкен бейнесін сомдаған актриса Бақыт Жұмағұлованы құттықтаймыз!